Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық оқушылар Азия олимпиадасында 7 жүлде жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар Азия олимпиадасында 7 жүлде жеңіп алды

Фото: ©Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстандық оқушылар APhO физикадан Азия олимпиадасында жеті марапат жеңіп алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Ведомствоның мәліметінше, Малайзияның Кампар қаласында физикадан Азия олимпиадасы өз мәресіне жетті. Онда әлемнің 27 елінен 212 оқушы бақ сынасты.
Қазақстан құрамасы бір күміс, алты қола медальға және бір мақтау грамотасына ие болды.
Жеңімпаздардың есімдері:
Күміс медаль — Маргулан Нурсагатов, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;
Қола медаль — Ілияс Қазымбек, Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы, Досжан Бисимби, Алматы қаласының "Мирас" халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы, Бекасыл Елубай, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы, Артур Ким, Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арнаған мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернатының 11 сынып оқушысы, Амир Пшенбаев, Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Грамота — Нұрасыл Барлыбаев, Атырау облыстық № 1 "Білім-инновация" лицей-интернатының 10 сынып оқушысы.
Құрама команда жетекшілері: Самат Мақсұтов — PhD, SDU доценті және Нұрдәулет Қаласов — PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы.
10 маусым 2024 ж. 283 0

Орманға қорған

20 қазан 2025 ж. 38

Жол уақытша жабылады

20 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031