Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 4 жүлдеге ие болды

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 4 жүлдеге ие болды

Фото: Оқу-ағарту министрлігіАлександрияда информатикадан IOI-2024 халықаралық олимпиадасы аяқталды. 90 елден келген 350 қатысушының арасында Қазақстанның құрама командасы үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігі білім жарысында жүлдеге ие болған оқушылар тізімін ұсынды.

Максим Цой (күміс жүлде) — Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;

Мансұр Таймас (күміс жүлде) — Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Назар Серазитдинов (күміс жүлде) — Алматы қаласындағы мектептің 11-сынып оқушысы;

Ахмет Иса (қола жүлде) — Қызылорда облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

Команда жетекшілері: Темірлан Сатылханов — ACM бас бапкері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы; Айбар Қуанышбай — IITU магистранты, республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпазы.

Министрлік бұл жетістікпен қазақстандық оқушылар биыл жеті беделді халықаралық олимпиадаларға қатысуын қорытындылайтынын атап өтті. Біздің құрама командалар IMO (математика), IPhO (физика), IBO (биология), IChO (химия), IOL (лингвистика), IGeO (география) және IOI (информатика) қатысып, нәтижесінде 26 медаль және 1 грамотаға ие болды.

Айта кетсек, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтарға біржолғы сыйақы беріледі. Алтын медаль жеңіп алған оқушы 1500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, күміс медаль үшін – 1000 АЕК, қола медаль үшін – 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы алады.
07 қыркүйек 2024 ж. 95 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 58

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 68

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031