"Таза бейсенбі" экологиялық акциясы жалғасуда
«

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында партия қолға алған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасуда. Акция шеңберінде бүгін Әйтеке би кентінің 5 квартал аумағындағы «Қазақ қорымы» маңында кезекті тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Тазалық акциясына бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мен жас еріктілер қатысты. Сонымен қатар сол аумақтағы тұрғындар да тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты.
«Тазалық әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Сондықтан, партия филиалымен ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» акциясына тұрақты қатысып келемін. Бұл арқылы экологиялық мәдениетімізді арттырып, қоршаған ортаны таза ұстай аламыз. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар қоғамда экологиялық жауапкершілікті насихаттап, жас буын өкілдерін табиғатты таза ұстау ісіне тартуға мүмкіндік береді», - деді «Жастар» бастауыш партия ұйымының белсенді мүшесі Жанар Жүсіпова.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акцияға 40-тан аса адам қатысып, нәтижесінде 1 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
#AMANAT