Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мобильді аударыммен төлем жасауға болмайды

Мобильді аударыммен төлем жасауға болмайды

Қазір көптеген сауда орнында мобильді аударым арқылы төлем жасау кеңінен таралып тұр. Жеке кәсіпкерлік нысандары да ұсынылған қызметтер мен тауарлар ақысын осы мобильді аударым арқылы алуды жөн көреді. Ендігі ретте төлемді мұндай жолмен жасау – заңға қайшы.
Қаржы министрлігінің хабарлауынша, кейбір кәсіпкерлердің банктерде ашылған жеке шоттарына төлемді мобильді аударым арқылы алуы салдарынан бақылау-касса машиналары (БКМ) мен POS-терминалдар қол­да­нылмайды, тиісінше чек те беріл­мейді. Бұл – ескерту түріндегі әкім­­шілік жауапкершілік көзделген заң бұзушылық. Қайталама заң бұзу­шылық кезінде салық төлеу­шінің субъектілігіне байланысты салынатын айыппұл 15-тен 50 АЕК-ке дейін барады.
«ҚР Конституциясына сәй­кес салық төлеу – әркімнің міндеті. Салық органдары заңсыз кәсіп­керлік қызметті көлеңкеден шы­ғару мақсатында тиісті бақылау жүргізеді. 2024 жылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді береді. Күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бақылауға алынады», деп мәлімдеді Қаржы министрлігі.
Бақылау-касса машиналарын қолдануды жеңілдету үшін 2022 жылдан бастап БКМ функцияларын екінші деңгейдегі банктердің POS-терминалдарымен біріктіру бойынша қанатқақты жоба жүргі­зіліп жатыр. Бұл БКМ мен POS-терминалдың бір чегін беруге мүмкіндік береді. Аталған жобаға қатысып жатқан банктер – «Каспий банк» АҚ, «Халық банк» АҚ және «Банк ЦентрКредит» АҚ.
Сонымен қатар БКМ чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Азаматтық бақылау – Чекті талап ет» акциясы да қолға алынды. Анық­талған бұзушылықтар туралы «Wipon cashback» тегін мобильді қо­сым­шасы арқылы хабарлауға болады.
Министрліктің мәлімдеуінше, жоғарыда аталған өзгерістер адал салық төлеушілерге әсер етпейді жә­не тек заңсыз кәсіпкерлік қызмет­ті кө­леңкеден шығаруға бағыттал­ған. Яғни жеке тұлғалар, бұрынғы­дай, өздерінің жеке мақсат­тары үшін туыстарына, достарына, ата-а­на­лары мен балаларына және бас­қа да өмірлік жағдайларға арнал­ған аударымдарды жасай алады және қабылдай алады.
10 тамыз 2023 ж. 246 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930