Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда картаға ақша салу және аударым жасау ережелері өзгереді

Қазақстанда картаға ақша салу және аударым жасау ережелері өзгереді

Қазақстанда картаға ақша салу және аударым жасау ережелері өзгереді
Фото: depositphotos.com
Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов банк картасын 500 мың теңгеден жоғары сомаға толтырған кезде жіберушіден міндетті түрде ЖСН енгізу талап етілетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл шара банкоматтар арқылы қолма-қол ақша шығару схемасына қарсы бағытталғаны айтылды.
"Банкоматтардан қолма-қол ақшаға айналдыру схемалары өзекті болып отыр. Қолданылып жатқан шараларға қарамастан, мұндай операциялардың көлемі өсіп барады. Жіберуші мен алушыны тиісті сәйкестендірудің болмауы аноним операциялар жасау мүмкіндігіне жол беріп тұр. Тәуекелдерді азайту мақсатында агенттік реттеушімен бірлесіп бірқатар практикалық шешім әзірледі, – деді Бижанов Үкімет отырысында.
ҚМА ұсыныстары:
500 мың теңгеден жоғары ақша толтыру кезінде жіберушінің ЖСН-ін енгізу (бұрын тек алушының ЖСН-і талап етілетін);
операцияларды мобильді қосымша немесе SMS арқылы растау;
банкоматтардың бейнежазбаларын 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 180 күн сақтау - күдікті операциялардың қатысушыларын анықтау үшін;
сондай-ақ мұндай операцияларда биометрия енгізілуі мүмкін: бет әлпетін немесе саусақ ізін тану.
Бижановтың айтуынша, бұл шешімдер 2025 жылғы 18 шілдеде комплаенс-қызметтер кеңесінде реттеушімен келісілген.
Премьер-министр Олжас Бектенов "барлық ұсынысты қолдайтынын" мәлімдеді.
07 қазан 2025 ж. 211 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031