Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтары жаңа даму кезеңіне өтті

Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтары жаңа даму кезеңіне өтті

Жарты жылда өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 10% жуықтаған
Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтары жаңа даму кезеңіне өтті
Фото: © istockphoto.com
Мемлекет басшысы арнайы экономикалық аумақтардың жұмысына сын айтқаны белгілі. Қазір үкімет жаңа дамыту механизмдерін жасақтап жатыр. Бұл АЭА тиімділігін арттыруға тиіс. Қазақстан экономиканы әртараптандырып, өңдеу өнеркәсібін дамытуға басымдық беріп жатыр. Алғашқы нәтижені көре бастағанымыз рас. Жарты жылда өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 10% жуықтаған. Бұған арнайы экономикалық аймақтардың да үлесі тиді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазір елде осындай 18 инфрақұрылым бар. Соның арқасында жаңа инвестициялар тартылып, бірегей өндірістік жобалар жүзеге асып жатыр. Демек, қосылған құны жоғары өнім шығарып, оны ішкі нарыққа және экспортқа бағыттауға жол ашылды.  
Иә, қазір инвесторлардың көзіне түсу оңай емес. Оған да лайықты жағдай жасау қажет. Бұған 18 арнайы экономикалық аймақ қана емес, 67 индустриялық және 34 шағын өнеркәсіптік аймақ ықпал ету керек. Әрине еліміз халықаралық капитал үшін сенімді нарыққа айналып келеді. Оған 1 трлн теңге көлемінде тартылған тікелей шетелдік инвестициялар дәлел. Бұдан бөлек инвестициялық штаб биыл 3 трлн теңгеге қаржы тарту бойынша 18 келісімге қол қойды.  
Әзербайжандық сарапшы Эльшан Ахмадов мұны ерекше жетістікке балап отыр. 
«Кейінгі жылдары біз Қазақстанның экономикалық тұрғыда дамып жатқанын байқаймыз. Оның ішінде арнайы экономикалық аймақтардың маңызы зор. 5 жылда осында шоғырланған кәсіпорындардың өндірісі үш есе өскен. Бұл көрсеткіш қазір 11,2 трлн теңгеден асты», - дейді Әзербайжан экономика ғылымдарының кандидаты Эльшан Ахмадов. 
Сарапшы бірқатар маңызды факторды атап өтті.  Ең алдымен АЭА бюджетке түскен салық көлемін арттыруға сеп болған. 625 млрд теңге. Бұл инфрақұрылымға салынған мемлекеттік салымды кәдімгідей өтегенін айғақтайды. Бұдан кейін Президент бастамасымен жүзеге асқан 77 жобаны атап өтті. Оның өзі бес мыңға тарта жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген. Өндіріс көлемі де айтарлықтай өсті. Бұдан бөлек әр өңірде салалық кластерлер қалыптасып жатыр.  Экономист Ернар Серік жұмысты жүйелеу керек деген пікірде. Өйткені инвестициялық жобалардың нәтижесі ретінде терең өңделген тауарлар экспортының артуы, елде қалатын жоғары қосылған құны дәлел. 
«Зауыттар шикізатқа ғана емес, логистика, энергетика, инженерлік қызметтер, т.б. сұраныс қалыптастыру керек. Мысалы, полиэтилен кешенін алайық, құбыры өндірісінің айналасында құрылыс материалдары және басқа да ірі сапалы өнімдер кіреді. Ал East Hope, Xinfa, TotalEnergies немесе басқа технологиялық компаниялар Қазақстанға ақша салуға дайын тұрғанда, бұл елдегі тәуекелді азайтып, тікелей инвесторлар ағынын арттыруға себеп. Мұндай жобалар әдетте банк, логистикалық компания, жеткізу жабдықтары, қызметтер және инженерлік фирмаларды тартады», - дейді Ернар Серік.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің экономикалық құрылымын жаңғырта алды. Бұл елде дамуға мүмкіндік мол. Қазір Қазақстан транзитті ел. Инвесторлар да жақсы табыс тапқысы келеді. Міне Қазақстанда ілгерілеу бар, олар үшін сенімді әрі тартымды нарық.  Қазір Қазақстанның ТМД елдерінен артықшылығы осы», - дейді Әзербайжан Геосаяси орталығының жетекшісі Таир Джафарли.  
Өндірістің толық циклын жасақтау идеясы өңдеуші өнекәсіптің көбеюіне мүмкіндік бергені рас.  Үкімет президент тапсырмасымен жүзеге асып жатқан 17 жобаға ерекше екпін беріп отыр. Өйткені олар жоғарғы қайта бөлуді барынша игеруге, отандық шикізатты пайдалануға және іргелес кластерлерді дамытуға бағытталған. Мәселен Қостанай және Алматы облыстарында көлік зауыттары іске қосылды. Павлодар, Атырау, Қарағанды және Абай облыстарында металлургия бағытындағы кәсіпорындар салынып жатыр. Биыл тағы 200 индустриялық жоба жүзеге асады. Оның жалпы құны 1,7 трлн теңгеден асады.Қазірдің өзінде 267 млрд теңгеге 77 жоба іске қосылды. Осының бәрі жыл сайын 1,5 трлн теңгеге өнім шығаруға мүмкіндік береді. Ең бастысы, экспорт ұмыт қалмаған. Жоспарға сай 500 млрд теңгенің өнімі сыртқы нарыққа жөнелтіледі.  
Яғни арнайы экономикалық аймақтар елдің экономикалық мүмкіндігін еселеуге жол ашатын кілт іспетті. Оны дамыту арқылы Орталық Азиядағы беделімізді бекемдеуге болады. Мұны отандық сарапшылар айтып отыр.  



25 шілде 2026 ж. 46 0

Олимпке өрлеген ұстаз

25 шілде 2026 ж. 42

Сан мен сапа сәйкес пе?

25 шілде 2026 ж. 38

Қос кешен іске қосылды

25 шілде 2026 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031