Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адам ауырмаса, неше жасқа дейін өмір сүре алады? Ғалымдар болжамы

Адам ауырмаса, неше жасқа дейін өмір сүре алады? Ғалымдар болжамы

Фото: depositphotos.com
Сколково ғылым және технология институтының ғалымдары медицина қартаю үдерісін толық тоқтатуды үйренген күннің өзінде адамзат мәңгі өмір сүре алмайды деген қорытындыға келді. Бұл туралы Science Alert порталы жариялаған зерттеуде айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz
Мұның басты себебі - ДНҚ-да өмір бойы үздіксіз жиналатын кездейсоқ мутациялар. Әдетте ағза мұндай өзгерістердің көбін түзетіп отырады. Алайда уақыт өте келе олардың бір бөлігі сақталып қалады. Осындай өзгерістер көбейген сайын ағзалар мен тіндердің қызметі әлсіреп, ақырында адамның өміріне қауіп төндіреді.
Ғалымдар қартаюдың негізгі себебі ретінде тек соматикалық мутацияларды қарастыратын математикалық модель жасаған. Есептеу бойынша, тіпті қатерлі ісік, жүрек-қан тамырлары аурулары, деменция және жас ұлғаюына байланысты басқа да сырқаттар толық жойылған жағдайда да, жасушалардағы мутациялар уақыт өте көбейіп, ағзаның қалыпты жұмысын бәрібір бұзады.
Осындай жағдайда адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 150-190 жасқа дейін жетуі мүмкін. Бұл қазіргі Ұлыбритания тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығынан шамамен екі есе көп. Қазір ол әйелдер арасында - 83 жас, ерлер арасында - 79 жас.
Зерттеу авторлары адамның өмір сүруінің теориялық ең жоғарғы шегі 627 жас болуы мүмкін екенін де алға тартты.
Сондай-ақ, ғалымдар адам ағзасындағы барлық тін бірдей қарқында қартаймайтынын айтты. Мәселен, тері мен бауыр жасушалары үнемі жаңарып отырады. Ал жүрек пен ми жасушалары іс жүзінде жаңаланбайды. Сондықтан дәл осы мүшелерде мутациялар әлдеқайда жылдам жиналады.

25 шілде 2026 ж. 73 0

25 шілдеге валюта бағамы

25 шілде 2026 ж. 105

Олимпке өрлеген ұстаз

25 шілде 2026 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031