Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазан айында доллармен жасалған сауда-саттық 6,1 млрд долларға жетті

Қазан айында доллармен жасалған сауда-саттық 6,1 млрд долларға жетті

Қазан айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 488,23 теңгеге дейін 1,5%-ға әлсіреді.
istockphoto.com
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 222 млн АҚШ долларынан 278 млн АҚШ долларына дейін артты. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 6,1 млрд АҚШ долларын құрады.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін қазан айында 1 340 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 22%-ын және күніне 70 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды, бұл шетел валютасын ұдайы және біркелкі сатуды білдіреді.

БЖЗҚ-дағы валюталық активтер үлесі 40%-ға жеткенін ескере отырып, биылғы 10 қазаннан бастап Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі үшін АҚШ долларын сатып алуды тоқтатты. Қазанда БЖЗҚ зейнетақы активтеріне шетел валютасын сатып алу сомасы 228 млн АҚШ долларын немесе нарықтағы жалпы көлемнің шамамен 4%-ын құрады.

Ұлттық Банк Ұлттық қорға «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның акцияларын сатып алу туралы шілдедегі Үкімет шешімін іске асыру аясында Ұлттық қордағы валюталық активтердің бір бөлігін сату арқылы Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтеріне конвертациялады. Нарықтық бейтараптықты сақтап, осы операцияны валюта нарығына шығару үшін Ұлттық Банк шілденің ортасынан бастап сатып алынған көлемді біркелкі сатуға кірісті.

Қазанда аталған операция аясында Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтерінен сату көлемі 253 млн АҚШ долларын құрады. 2024 жылғы қарашада алтын-валюта резервтерінен 130 млн АҚШ долларынан 140 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатып алу күтілуде.

Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдеріне сай, Ұлттық Банк республикалық бюджетке трансферттер бөлуге 2024 жылғы қарашада Ұлттық қордан 1,2 млрд АҚШ долларынан 1,3 млрд АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп күтеді.

2024 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша 39,9%-ды құраған зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ескере отырып, 2024 жылғы қарашада БЖЗҚ үшін валюта сатып алу жоспарланбайды.

Қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады.
04 қараша 2024 ж. 96 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031