Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қар, жаңбыр, аяз: 10 қазанда ауа райы қандай болады

Қар, жаңбыр, аяз: 10 қазанда ауа райы қандай болады

Жұма күні ауа райы елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады.  
Фото: pixabay.com
Cиноптиктер 10 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжамды жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Кейбір өңірде аяз бен жауын-шашын болуы мүмкін. Синоптиктер кейбір аймақтарда аяз болады деп күтіп отыр.
Мәселен, Жетісу облысында – -1…-6°С дейін, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде – -1…-3°С, Жамбыл облысының батысы, солтүстігі және таулы аудандарында – -1…-3°С дейін суытады.
"Қазақстан аумағында жоғары қысым өрісінің әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Тек батыс пен солтүстікте атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында жел күшейеді, ал батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Орталық және оңтүстік-шығыс өңірлерде тұман күтіледі", – делінген болжамда.
Сонымен қатар еліміздің бірқатар аймақтарында өрт қаупі жоғары және аса жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Ұлытау және Абай облыстарының кей өңірлерінде жоғары өрт қаупі сақталды.
Аса жоғары өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Ұлытау және Қостанай облыстарының жекелеген аймақтарында сақталады.
10 қазан 2025 ж. 125 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031