Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарасора – 2025: есірткіге қарсы күрес қатаң бақылауда

Қарасора – 2025: есірткіге қарсы күрес қатаң бақылауда

1 маусым күні республика көлемінде «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Іс-шарасы аясында өңірде есірткі өсірудің 21 дерегі анықталды. Бүгінде облыс аумағында есірткі тасымалдау арналарын анықтау мақсатында 6 арнайы бекет құрылған.
Бұл нысандарға жергілікті полиция, кинология қызметі, арнайы жасақтар жұмылдырылған. Сондай-ақ, барлық аудандық полиция бөлімдерінде мобильді-іздестіру және жедел-тергеу топтары жасақталған. Ал, «Қарасора» операциясы 31-ші қазанға дейін жалғасады. Бұл туралы Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Тоқтыбаев мәлімдеді.
- Іс-шара кезінде барлығы 38 есірткі құқық бұзушылықтары анықталса, оның ішінде 21 дерегі есірткі өсіру, 4 дерегі есірткі өткізу, 1 дерегі жарнамалау және 12 дерегі есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар. Заңсыз айналымнан 96 кг. 839 гр. есірткі, оның ішінде 1 кг. 310 гр. марихуана, 86 кг. 106 гр. сора өсімдігі, 8 кг. 618 гр. көкнәр өсімдігі, 805 гр. синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Есірткі өсірумен айналысқан 19 адам ұсталып, оның 5-і қамауға алынды. Мобильді бекеттерде қызметтік іздестіру иттерінің көмегімен есірткіге қатысты теріс қылықтардың 5 дерегі анықталды,- деді Серік Әбімәуленұлы.
03 шілде 2025 ж. 303 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 133

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031