Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Балалардың шоттарына аудару": Тоқаев жаңа бағдарлама ұсынды

"Балалардың шоттарына аудару": Тоқаев жаңа бағдарлама ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында балалар жылы аясында "Ұлттық қор - балаларға" жаңа бағдарламасын бастауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланудан нақты қайтарым алуға тиіс. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында "Ұлттық қор - балаларға" қағидатты түрде жаңа бағдарламасын бастау өте маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақтаушы шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударуды ұсынамын.

Кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға бағытталатын болады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге Нағыз жолдама береді. Қор шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болады және халықтың мүдделеріне қызмет ететін болады. Осы ауқымды бастаманы тыңғылықты пысықтау қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын", - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында Қазақстан халқына Жолдау жасап жатыр.
01 қыркүйек 2022 ж. 721 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 109

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 105

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 106

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 130

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 110

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 107

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 101

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031