Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр Ұлттық қордан балалардың шотына қалай ақша аударылатынын түсіндірді

Министр Ұлттық қордан балалардың шотына қалай ақша аударылатынын түсіндірді

Сондай-ақ ол президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың әр балаға 3000 доллар беріледі деген сөзіне түсініктеме берді. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық қордың табысынан 18 жасқа дейінгі балаларға қалай ақша аударылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, Ұлттық қордың өткен жылдағы инвестициялық табысы есепке алынып, балалардың шотына бөлінеді. Инфляциядан қорғау үшін қаражат доллармен есептеледі.
"Яғни, 2024 жылғы 1 қаңтарда балаларға 2023 жылғы табыстан ақша аударылады", - деді Қуантыров үкімет кулуарында.
Сондай-ақ ол президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың әр балаға 3000 доллар беріледі деген сөзіне түсініктеме берді.
"Үш мың доллар – болжамды сома. Қазір қосымша тағы есептеліп жатыр. Бірақ бұл дүниеге келген сәттен бастап жүйеге қосылған балалар (яғни 2024 жылы туғандар) үшін екенін ескерген жөн. Ал жүйе 2024 жылдан бастап іске қосылады, сол себепті бала жобаға бір немесе екі жыл ғана қатысуы мүмкін (2024 жылы бала 15 немесе 16 жаста болса). Тиісінше, олардың ақшасы аз болады", - деп түсіндірді Қуантыров.
1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлттық қор – балаларға" атты түбегейлі жаңа бағдарлама басталатынын жариялады. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-і балалардың арнайы жинақтаушы шотына 18 жасқа толғанға дейін аударылады.
Қаражатты мерзімінен бұрын шешіп алуға тыйым салынады. Ақшаны баспана сатып алуға және білім алуға жұмсауға болады.
06 қыркүйек 2022 ж. 641 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930