Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қызметтік борышын орындау кезінде 802 полицей қаза тапты

Қазақстанда қызметтік борышын орындау кезінде 802 полицей қаза тапты

Тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын орындау кезінде 802 қызметкер қаза тауып, 2 650-і жарақат алды.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз айтты.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қайсарлығы мен батылдығын ел басшылығы үнемі жоғары бағалайды. Биыл мемлекет басшысының жарлықтарымен 27 қызметкер мемлекеттік наградалармен, ішкі істер органдарының 3 560 қызметкері ведомстволық наградалармен марапатталды, – деді ол.

Кәсіби мереке күні Ішкі істер министрі басшысы Ерлан Тұрғымбаев мемлекет басшысы ішкі істер органдарының алдына заманауи, технологиялық, халықтың сеніміне ие жаңа жүйе құру және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға қатысты нақты міндеттер қойғанын айтты.

Жүргізіліп жатқан жаңғырту шеңберінде полицияның сервистік моделін енгізу қолға алынды, құқық бұзушылықтың алдын алудың жаңа тәсілдері мен құралдары әзірленді. Қызметкерлердің қоғамдық орындарда тұрақты болуының әсерін қамтамасыз ететін “Жұртқа жақын полиция” қағидаты енгізіледі. Ең бастысы-азаматтармен ашық диалог құрылып, жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етуге баса назар аударылды, – деді министр.

Ерлан Тұрғымбаев бұл ерекше жауапкершілік жүктейтінін айтты.

Бүгінде полиция қылмысқа қарсы тиімді күрес жүргізу, құқықтық тәртіпті нығайту, қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау үшін барлық қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктерге ие, – деді ведомство басшысы.
28 маусым 2021 ж. 682 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 151

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 167

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 180

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 166

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031