Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді самокатты жол бойына дұрыс қоймағандарға айыппұл салынады

Енді самокатты жол бойына дұрыс қоймағандарға айыппұл салынады

Алматы, Астана және Шымкент секілді ірі қалаларда электросамокаттарды жүргіншілер жолына дұрыс қоймағандарға айыппұл салынбақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Фото:
Максим Морозов
JET компаниясының мәліметінше, ережені бірінші рет бұзған адам 100 теңге көлемінде ең төменгі айыппұл арқалайды. Қайтадан бұзса, айыппұл 1000 теңгеге дейін өседі. Жаңа ереже Алматыда 13 маусымнан бастап іске қосылды.

Тіпті, жайсыз оқиғалар да көбейді. Мысалы, Астанада екі жасөспірім әйелді самокатпен қағып, көмектеспей кетіп қалған: Жәбірленушіден баланың анасы кешірім сұрап келген.

Айыппұлдар мына жағдайларға да қарастырылған:

Мас күйде самокат тебу. Егер адам алкоголь ішіп немесе есірткі қолданып, самокатпен жүрген болса, бұл қауіпті және заңмен жазаланады;

Екі адам мініп жүру. Самокат бір адамға арналған, ал екі адам мініп жүру қауіпті және құрылғыға зақым келтіруі мүмкін;

Самокатты қызмет аумағынан тыс жерге қалдыру. Кикшеринг қызметі тек белгілі бір аумақта жұмыс істейді. Самокатты сол аумақтан тысқары жерге апарып тастау ережеге қайшы;

Сапар соңында фотоны дұрыс жүктемеу. Самокатты қойған соң қолданушы оның дұрыс қойылғанын дәлелдеу үшін фото түсіруі керек. Егер фото анық болмаса немесе ереже бұзылған болса айыппұл салынады.

Әлеуметтік желіде алматылықтар бұл шешімді дұрыс деп бағалауда.
14 маусым 2025 ж. 140 0

Әлемде мұнай қымбаттады

14 маусым 2025 ж. 166

Ақхалаттылар ардақталды

14 маусым 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30