Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Химиялық кастрация ережесі өзгереді: педофилдерге қатысты жаңа тәртіп дайындалып жатыр

Химиялық кастрация ережесі өзгереді: педофилдерге қатысты жаңа тәртіп дайындалып жатыр

Министрлік сотталғандарға химиялық кастрацияны қолдану тәртібін нақтылайды
Химиялық кастрация ережесі өзгереді: педофилдерге қатысты жаңа тәртіп дайындалып жатыр
Фото: © freepik.com
Қазақстанда кәмелетке толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарға қолданылатын химиялық кастрация тәртібі өзгереді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа заң жобасын қоғам талқысына ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 
Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 18 тамызға дейін көпшілік талқылауына ұсынылған.

Негізгі өзгерістер не жайында?

Жобадағы өзгерістерге сәйкес, химиялық кастрация сотталған адамның жазасын өтеу мерзіміне жақын уақытта – босап шығуына алты ай қалғанда жүргізілмек.
Сонымен қатар:
  • Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін жазаның аяқталуына он екі ай қалғанда материалдарды сотқа жолдауы тиіс;
  • Бұл сараптама сотталған адамның психикалық ауытқулары мен сексуалдық зорлыққа бейімділігін анықтау мақсатында өткізіледі;
  • Сараптама нәтижесіне қарай химиялық кастрация қолдану немесе қолданбау шешімі қабылданады.

Химиялық кастрация Қазақстанда қалай қолданылады?

Қазақстанда химиялық кастрация – бұл 18 жастан асқан және жыныстық сипаттағы ауыр қылмыс жасаған тұлғаларға қолданылатын медициналық және заңды шара.
Қазіргі қолданыстағы нормаға сәйкес:
  • Ол тек сот шешімімен жүзеге асырылады;
  • Медициналық мекемеде инъекциялық әдіспен орындалады;
  • Мақсаты – қылмыскердің жыныстық құмарлығын төмендету арқылы қайталама қылмыстың алдын алу.



03 тамыз 2025 ж. 153 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031