Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация тағайындау тәртібі өзгереді

Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация тағайындау тәртібі өзгереді

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда сотталғандарға химиялық кастрацияны қолдану ережесіне өзгерістер енгізілмек, - деп хабарлайды
Tengrinews.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылар алдында сотталғандарға химиялық кастрацияны қолдану тәртібін өзгертпек.
Не өзгереді?
Жаңа бұйрық жобасына сәйкес, сексуал сипаттағы қылмыс жасаған сотталғандарға химиялық кастрация бостандыққа шығардан алты ай бұрын тағайындалады.
Бұл ретте сотталған адамның психикалық ауытқулары мен сексуал зорлыққа бейімділігін анықтау үшін босатылуына он екі ай қалғанда сот-психиатриялық сараптама тағайындау туралы материалдар сотқа жіберілуге тиіс.
Бұйрық жобасы нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланды және 2025 жылғы 18 тамызға дейін көпшілік талқылауына ұсынылған.
Еске салайық, Қазақстанда педофилдерге қолданылатын 8 жылдық әкімшілік бақылаудың орнына өмір бойғы бақылау енгізу ұсынылған. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, рецидив қаупі болса, бұл бақылау әр алты ай сайын сот шешімімен ұзартылып отырады.
Мұндай бақылау аясында келесі шектеулер қарастырылған:

мектептер мен балалар мекемелеріне баруға тыйым;
түнгі уақытта үйден шығуға шектеу;
басқа да шектеулер.
Бұл шара балаларды қорғау және қайталап жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында қолға алынып жатыр.
03 тамыз 2025 ж. 155 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031