Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда заңсыз криптобиржалар мен дропперлердің схемасы әшкере болды

Қазақстанда заңсыз криптобиржалар мен дропперлердің схемасы әшкере болды

Заңсыз 130 криптобиржа анықталып, тексеру нәтижесінде 16,7 млн USDT-ге тыйым салынды
Қазақстанда заңсыз криптобиржалар мен дропперлердің схемасы әшкере болды
Фото:
istockphoto.com
Қаржы мониторингі агенттігі көлеңкелі криптовалюта айырбастау алаңдары арқылы жүзеге асатын ақшаны жылыстату тетігін анықтады. Киберқылмыскерлер мен есірткі саудагерлері кірістерін дропперлердің карталары мен криптоәмияндары арқылы заңдастырып келген. Қазір мұндай 130 платформа бұғатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, тергеп-тексеру нәтижесінде 16,7 млн USDT-ге тыйым салынды.
«Есірткі дүкендерінің» иелері мен киберқылмыскерлер ақшаны банк шоттарына, не криптовалюта түрінде айырбастау қызметін көрсететін әмияндарға аударады.
Одан әрі бұл қаражат конвертацияланып, қаржылық транзакциялар тізбегі арқылы ақшаның шыққан көзі жасырылады. Заңсыз табысты «тазарту» үшін арнайы ақы алынады.
Мұндай операциялар үшін көбіне дропперлердің банк карталары мен әмияндары пайдаланылады.
Осылайша, заңсыз криптоайырбастау платформалары көлеңкелі қаржы операцияларына белсенді қатысып, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және шетелге шығару арқылы «кәсіби жылыстатушылар» ретінде әрекет етеді.
«Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарға цифрлық активтерді айырбастау кезінде сенімді және жауапты тәсілмен әрекет ету қажеттігін ескертеді. Айырбас қызметтерін тек заң аясында жұмыс істейтін, ресми тіркелген және лицензияланған провайдерлер арқылы жүзеге асыру ұсынылады», – делінген ҚМА хабарламасында.



15 қазан 2025 ж. 202 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031