Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда “Криптон“ арнайы бөлімшесі құрылды

Қазақстанда “Криптон“ арнайы бөлімшесі құрылды

Фото: Жасанды интеллект
Қазақстанда цифрлық активтер саласындағы заңбұзушылықтарға қарсы арнайы бөлімше құрылды. Бұл туралы Алматы Экономикалық тергеу департаменті (ЭТД) хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомство мәліметінше, Қаржы мониторингі агенттігінің құрылымында "Криптон" арнайы бөлімшесі құрылған. Ол цифрлық активтер саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күреседі және криптовалютаны заңсыз пайдалану жағдайларын зерттейді.

Алматы ЭТД басшысы Данияр Ақжановтың айтуынша, Алматыда құны 58,5 миллион доллардан асатын цифрлық активтерді айырбастауға қатысты алты қылмыстық іс тергеліп жатыр, 134 интернет-ресурс бұғатталған.
"Криптовалюта транзакциялардың қауіпсіздігі мен жасырын болуын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Оны еркін айырбастауға, тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, екінші деңгейдегі банктегі кез келген валюта шоты арқылы айырбастауға және қолма-қол ақшаға айналдыруға болады. Ол пайдаланушылар арасында барған сайын танымал болып барады, сонымен қатар қылмыскерлердің назарын аударады, өйткені оны ақшаны жылыстату, терроризмді және басқа да қылмыстарды қаржыландыру сияқты заңсыз мақсаттарда пайдалануға болады", - деді Данияр Ақжанов брифингте.

18 қыркүйек 2024 ж. 201 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 142

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 153

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 165

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 157

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 131

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 154

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031