Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда наркобарондардың шотынан 2,3 млрд теңге табылды

Қазақстанда наркобарондардың шотынан 2,3 млрд теңге табылды

Есірткі бизнесіне қарсы күресте қол жеткізілген нәтижелер жарияланды
Қазақстанда наркобарондардың шотынан 2,3 млрд теңге табылды
Фото:
istockphoto.com
Қазақстанда жыл басынан бері есірткі және психотроптық заттарды жеткізудің 111 (135) арнасы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас прокуратураның мәліметінше, синтетикалық есірткі өндіретін 21 (11) зертхана және құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 125 (45) фактісі анықталып, жойылды. Заңсыз айналымнан 9 (19) тонна есірткі (оның ішінде 254 кг синтетикалық есірткі) және 12 тонна (105 кг) прекурсорлар тәркіленді. Есірткі және прекурсорлар контрабандасының фактілері төмендетілді (182-ден 80-ге дейін, 56%-ға).
«Жыл басынан бері Бас прокуратура құқық қорғау органдары мен екінші деңгейдегі банктердің жұмысына интернет кеңістігіндегі есірткі дүкендеріне байланысты банктік шоттарды анықтау, бұғаттау және тәркілеу алгоритмін енгізді.
Қазіргі уақытта құны 2,3 миллиард теңгеден асатын 98 мыңнан астам есірткі шоты бұғатталды.
Барлық іс бойынша қаржылық тергеу жүргізу, оның ішінде, қылмыстық ақшаны, есірткі бизнесінің түпкілікті бенефициарлары мен ұйымдастырушыларын, сондай-ақ «dropper» аударымдары және басқа да заңсыз операциялар үшін банктік шоттарын ұсынатын азаматтарды анықтау туралы нұсқау берілді», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Сонымен қатар, құқық қорғау және мемлекеттік органдар «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы есірткі дүкендерін бұғаттау жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде 6 мыңнан астам есірткі сайты бұғатталды.
Елімізде жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету және заңдылық пен тәртіпті нығайту жұмыстары жүйелі әрі тұрақты түрде жалғасатын болады.



31 шілде 2025 ж. 159 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031