Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аналардың алғысын алған

Аналардың алғысын алған

Білім, біліктілік, мейірім мен адалдық. Бұл кез келген дәрігер бойында болуы тиіс қасиеттер. Бірақ бұның бәрінен де қажетті де, ең негізгісі – шыдамдылық. Медицинаға тек жүрек қалауымен келгендер ғана мамандыққа адал болып қалады. Сондай жұмысын үлкен жауапкершілікпен атқарып жүрген дәрігерлер ішінде Индира Опабекованы ерекше атауға болады. Ол Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын емдеу ісі бойынша бітіріп, Қызылорда мен Астана қалаларында акушер-гинеколог қызметін атқарды. Кейінгі жылдары гинеколог эксперт, бас гинеколог лауазымын абыроймен атқарып жүр. Әрдайым басшылық тарапынан ұдайы білімін жетілдіріп, біліктілігін дамытып отыруға мүмкіндік жасалады.
Бүгінде Индира Ахметоллақызы бас гинеколог ретінде жоғарғы топтағы жүкті әйелдерді бақылап, күнделікті 30 әйелге дейін қабылдайды. Оларға тиісті шараларын қолданады. Қажет болған жағдайда жолдамамен облысқа жібереді. Барлық анализдерді теміржол емханасында тапсыртады. Мұнда мамандар да, дәрілер де жеткілікті деген уәжін жеткізді. Тіпті келіншектер екі ортада жол жүріп, уақытын жоғалтпау мақсатында басшылыққа ойлар қосып, жаңа жабдықтарға қол жеткізіп отырғандарын қуана жеткізді. Дегенмен де бала сүйіп, перзентті болуға зар болып жүргендер де ақхалаттылардың көмегіне зәру екендігін алға тартты.
– Бедеуліктің себептері көп. Бедеулік көрсеткіші өндіріс орындары шоғырланған өңірлерде жоғары болып жатады. Кейбірі аяқтан суық өткізіп, алғашқы балаға түсік жасату әрекеттері арқылы денсаулыққа немқұрайлы қарап немесе басқа да оқыс жағдайлар әсерінен адам табиғи жолмен бала сүю мүмкіндігінен айырылып қалуы мүмкін. Сондықтан әйел адам жылына бір рет гинекологтың тексеруінен өткені абзал.
Жұмыс барысында ешкімді алаламай, әрбір келген пациентке Гиппократқа ант берген маман ретінде қолдан келген көмекті аямаймын. Бар білімім мен тәжірибемді жинақтап, дәрігерлік кеңес беремін. Бізде тоғыз ай бойы жүктілікті бақылауға барлық мүмкіндік бар. Ана мен бала денсаулығына айрықша көңіл бөлінеді, – деді Индира Ахметтолақызы.
Өткен жылы 3 адам “Аңсаған сәби” бағдарламасымен мемлекеттік квота арқылы балалы болды. Олар 9 ай бойы Индираның бақылауында болып, аман-есен босанған. Осы күні 2 әйел өз күштерімен жасанды ұрықтандыру жолдарына жүгініп, білікті дәрігердің қарауында.
Биыл есеп бойынша 25 нәзікжанды перзентті болу жолында мамандардан кеңес алуда. Ал 15-49 туу жасындағы әйелдерден 3977 тұрғын тіркеуде болса, 6670 еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейінгілер теміржол ауруханасының емделушілер санатында.
Қазір Индираның қарамағында гинекология бөлімінің меңгерушісі Асқар Ахмедов, аймақтық акушер-гинеколог дәрігерлер: Шаки Медетбаева мен Аманкүл Ақметова және акушерлер: Ұлболсын Тұрдығұлова, Жанат Ізбасарова, Күлтай Жолжанова тұрғындарға қалтқысыз қызмет етеді.
Аңыз адам Дінмұхаммед Қонаев бір жиында “Білсем деген талап қай жастағы, қандай дәрежедегі адамға да таптырмас қасиет. Елдің ықыласынан асқан сый жоқ” деген деседі. Индира Опабекова әйелдер қауымының алғаусыз алғысына бөленуде. Ұжымдастары да ол жайында жақсы пікірде.
– Өзге қызметкерлерге қарағанда, Индираның адаммен сөйлесуі мен қарым-қатынасы бөлек. Жүргізген емі нәтижелі, өте білікті дәрігер, – дейді теміржол ауруханасының бас дәрігері Айгүл Құлмағамбетова.
Ал ұзақ жылдар бойғы қызметте жүрген кәнігі маман Серік Адаев: “Біз кез келген дәрігерді мақтай бермейміз. Соған лайықтысын ғана айрықша атап өтеміз. Индира қазір біліктілігін көтеріп, жан-жақты тәжірибемен толысқан маман ретінде қалыптасты. Ота жасауға да қатысады, “УЗИ” аппаратымен диагнозын шығарып, ем жасай береді. Қоғамдық жұмысқа да еш сылтаусыз белсене кіріседі. Осындай ерекшелігінің арқасында былтыр бірқатар марапаттарға ие болды. Азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін “Медицина қызметкері күніне орай” бұрынғы министр Алексей Цойдың Құрмет грамотасымен құрметтелді. Ауданда “Жылдың үздік дәрігері” номинациясы ұсынылды. Аурухана қызметкерлерінің жетістіктерімен біз де марқаямыз, – дейді медицина саласының тарланы.
Мемлекеттің басты байлығы адам деп танылады. Ендеше әрбір тұлғаның денсаулығын бақылайтын ақхалатты абзал жандардың қоғам алдындағы еңбегі еселі.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

14 ақпан 2022 ж. 385 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031