Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерейтой қарсаңында жаңа саябақ ашылды

Мерейтой қарсаңында жаңа саябақ ашылды

Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойына орай Абай ауылында орталық саябақтың ашылу рәсімі өтті.  Саябақтың ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет арнайы қатысып, абайлықтардың қуанышымен бөлісті.

- Бүгінгі ашылып жатқан ауылға ерекше көрік беретін саябақ, мерейтойға орай ауыл тұрғындары үшін керемет тарту, жаңа бастама болды деп ойлаймын. Саябақта орналасқан жабдықтардың барлығы жоғары сапалы. Енді бұл жерде ауыл тұрғындары бос уақыттарын тиімді өткізіп, серуендейтін болады. Мерейлі мереке қарсаңында құрылысты сапалы әрі уақытылы аяқтап, пайдалануға беріп жатқан «Данияр» ЖШС-нің қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, - деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Мұнан соң Қазалы ауданының Құрметті азаматы Нәжмадин Шамұратов сөз алып, жиылғандарды Қазалы ауданның 95 жылдығы мерейтойымен құттықтады. Сонымен қатар ауыл ақсақалы Алпамыс Түрікпеналиев Абай ауылында тұрғындарының игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстардың барлығына ауыл тұрғындары атынан ризашылығын жеткізді.


Айта кетейік, бүгінгі таңда Абай ауылына газ жүргізіліп, ауыл кіреберісінде жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы қарқынды жүргізілуде.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
11 қараша 2023 ж. 230 0

Ұлттық тәрбие құндылығы

07 қыркүйек 2024 ж. 70

Зейін неге тұрақсыз?

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Бірлік пен берекенің ұясы

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30