Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент ТМД мемлекеттері басшыларына үндеу жасады

Президент ТМД мемлекеттері басшыларына үндеу жасады

Президент ТМД мемлекеттері басшыларына үндеу жасадыФото: Ақорданың баспасөз қызметі
Қазақстан Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ТМД жаңа тарихи жағдайда мемлекеттер арасындағы сенімді арттырудың халықаралық тетігі ретінде сұранысқа ие құрылым екенін дәлелдеді. Достастықтың 35 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысы елдер арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға және ұйым қызметін ілгерілетуге бағытталған бірқатар ұсынысын ортаға салды.
Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру негізгі басымдықтардың бірі болып қалуға тиіс екенін айтты.
"Быртырдың қорытындысы бойынша ТМД елдері сауда айналымының жалпы көлемі 8 пайызға ұлғайып, 110 миллиард долларға жетті. Сонымен қатар, кейінгі бес жылда Қазақстанның достастық мемлекеттерімен алыс-берісі бір жарым есе өсіп, 38 миллиард доллар болды. Бұл көрсеткіш ұйымның сауда-экономикалық әлеуетін танытады және әлі де мүмкіндіктер бар екенін байқатады. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға қажет базамыз бар. Өзара тиімді талаптарға сай қызмет көрсету нарықтарына тікелей әрі кедергісіз қолжетімділікті кеңейтуге, бірлескен өндірістерді іске қосуға, негізгі салалардағы кооперациялық байланыстарды күшейтуге баса мән беру керек деп санаймыз. Инвестиция тарту, көлік-транзит әлеуетін тиімді пайдалану, цифрлық шешімдер енгізу және өңірлердің тең дәрежелі байланыстарын дамыту басымдықтардың қатарында болуға тиіс. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық өсімін қамтамасыз етудің тың мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынамыз. Мұны келесі жылы сәуірде БҰҰ аясында Астанада өтетін халықаралық форум алаңында ұйымдастыруға болады. Жиын қауіпсіздік пен дамудың қазіргі сын-қатерлерінің себеп-салдарын зерделеуге арналады. Осылайша ТМД-ның жетекші сарапшылары қазіргі уақыттың қиын проблемаларын шешуге үлес қоса алар еді. 2026 жылы Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органына төрағалық етеді. Еліміздің төрағалығы аясында бірқатар маңызды іс-шара жоспарланған, соның ішінде Еуразиялық экономикалық форум ұйымдастырылмақ. Орайлы сәтті пайдаланып, құрметті әріптестерімді, сондай-ақ, ТМД елдері үкіметтерінің мүшелері мен бизнес өкілдерін форум жұмысына белсенді қатысуға шақырамын. Бұл алаңда елдерімізге қатысты ортақ мәселелер қарастырылатынын ескере отырып, оған ЕАЭО мен ТМД-ның бірлескен іс-шарасы мәртебесін беруді қарастыруды ұсынамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

10 қазан 2025 ж. 119 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031