Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Былтыр ТМД елдерінің сауда айналымы 110 млрд долларға жетті

Былтыр ТМД елдерінің сауда айналымы 110 млрд долларға жетті

Соңғы бес жылда Қазақстанның Достастық мемлекеттерімен алыс-берісі бір жарым есе өсті
Былтыр ТМД елдерінің сауда айналымы 110 млрд долларға жетті
Фото:
freepik.com
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД жаңа тарихи жағдайда мемлекеттер арасындағы сенімді арттырудың халықаралық тетігі ретінде сұранысқа ие құрылым екенін дәлелдегенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Достастықтың 35 жылдығы қарсаңында мемлекет басшысы елдер арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға және Ұйым қызметін ілгерілетуге бағытталған бірқатар ұсынысын ортаға салды.
Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру негізгі басымдықтардың бірі болып қалуға тиіс екенін айтты.
«Өткен жылдың қорытындысы бойынша ТМД елдері сауда айналымының жалпы көлемі 8 пайыз ұлғайып, 110 миллиард долларға жетті. Сонымен қатар, соңғы бес жылда Қазақстанның Достастық мемлекеттерімен алыс-берісі бір жарым есе өсіп, 38 миллиард долларды құрады. Бұл көрсеткіш Ұйымның сауда-экономикалық әлеуетін танытады және әлі де мүмкіндіктердің бар екенін байқатады.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға қажетті институттық және құқықтық базамыз бар. Өзара тиімді талаптарға сай қызмет көрсету нарықтарына тікелей әрі кедергісіз қолжетімділікті кеңейтуге, бірлескен өндірістерді іске қосуға, негізгі салалардағы кооперациялық байланыстарды күшейтуге баса мән беру керек деп санаймыз. Инвестиция тарту, көлік-транзит әлеуетін тиімді пайдалану, цифрлық шешімдер енгізу және өңірлердің тең дәрежелі байланыстарын дамыту басымдықтардың қатарында болуға тиіс. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық өсімін қамтамасыз етудің тың мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынамыз. Мұны келесі жылы сәуір айында БҰҰ аясында Астанада өтетін халықаралық форум алаңында ұйымдастыруға болады. Жиын қауіпсіздік пен дамудың қазіргі сын-қатерлерінің себеп-салдарын зерделеуге арналады.
Осылайша, ТМД-ның жетекші сарапшылары қазіргі уақыттың қиын проблемаларын шешуге үлес қоса алар еді. 2026 жылы Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органына төрағалық етеді. Еліміздің төрағалығы аясында бірқатар маңызды іс-шара жоспарланған, соның ішінде Еуразиялық экономикалық форум ұйымдастырылмақ. Орайлы сәтті пайдаланып, құрметті әріптестерімді, сондай-ақ ТМД елдері үкіметтерінің мүшелері мен бизнес өкілдерін форум жұмысына белсенді қатысуға шақырамын. Аталған алаңда елдерімізге қатысты ортақ мәселелер қарастырылатынын ескере отырып, оған ЕАЭО мен ТМД-ның бірлескен іс-шарасы мәртебесін беруді қарастыруды ұсынамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



10 қазан 2025 ж. 174 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031