Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Фото: istockphoto
«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы 25 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. 
— Солтүстік-батыс циклон мен атмосфералық фронттар әсерінен еліміздің көп бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады. Батыс пен солтүстікте — қатты жаңбыр, кей жерде дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде — антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел күшейеді, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстікте — шаңды дауылдар болуы ықтимал. Солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман күтіледі, — делінген хабарламада.
Бірқатар облыста аптап ыстық күтіледі:
Жетісу облысы — күндіз 35–38°C, оңтүстігінде 40°C.
Алматы облысы — 35–37°C, батысы мен солтүстігінде 42°C дейін.
Жамбыл облысы — 38–40°C.
Түркістан және Қызылорда облыстары — 40–42°C.
Ұлытау және Қарағанды облыстарының орталығы — 35–36°C.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде — 35°C.
Синоптиктер төмендегі өңірлерде жоғары өрт қаупі туралы ескертті:
Шығыс Қазақстан, Абай, Қостанай (батысы, шығысы, солтүстігі),
Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан (орталығы),
Ақмола (оңтүстігі мен шығысы),
Павлодар (батысы, оңтүстігі, шығысы).
Сонымен қатар төтенше өрт қаупі бар аймақтар анықталды:
Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл,
Жетісу, Ұлытау (орталығы мен оңтүстігі),
Атырау (шығысы, батысы, оңтүстігі),
Қарағанды (шығысы мен орталығы),
Ақтөбе (оңтүстігі),
Батыс Қазақстан (шығысы),
Қостанай (оңтүстігі мен солтүстік-батысы),
Абай облысының орталығы.
26 шілде 2025 ж. 175 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031