Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 50 мыңнан аса адам жұмысқа орналасты

Биыл 50 мыңнан аса адам жұмысқа орналасты

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Биыл 1 ақпандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 62,5 мың адам қатысты. 52,8 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 19,4 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлады Halyq Uni.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 33,4 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 1,8 мың адам, жастар практикасымен 1,2 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 27 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 788 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 8 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 2,6 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 6,5 мың жұмыссыз қамтылып, оның 5,7 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 3,2 мың адам қамтылып, оның ішінде 1,6 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 13,8 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, жаңа бизнес бастамаларды іске асыру үшін 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК (1 млн 476 мың 800 теңге) мөлшерінде 9 мың грант және жастарға жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық 5 млн теңгеге дейінгі 5 мың 796 жеңілдетілген микронесие беру көзделген.
19 ақпан 2024 ж. 191 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 119

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 123

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 115

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930