Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыз алып қашу қылмыс па? Заңгер жауап берді

Қыз алып қашу қылмыс па? Заңгер жауап берді

Қазақстанда қыз алып қашу статистикасы жүргізілмейді, себебі қылмыстың осы түріне қатысты арнайы бап жоқ. Бұл дерек "Адам ұрлау" фактісімен тіркеледі. Ал еркінен тыс алып қашса, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.
Жазушы Баянғали Әлімжановтың сөзінше, танымайтын қызды бір-екі рет қана көріп, сөз байласпастан алып қашу – тағылық.
“Бұл ешқандай адамгершілік нормасына сыймайды. Заң нормасына сыймайды. Заңгерлер де мұндайды заңға қайшы әрекет деп бағалайды”, – деді жазушы.
Ал заңгерлердің сөзінше, қыз алып қашу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша қаралады.
“126-бабына байланысты адамды өз еркінен тыс бостандығынан айыру бабы бар. Екінші бап Қазақстан Республикасының 125-бабы “Адам ұрлау” фактісі бар. Үшінші бап, зорлық-зомбылық көрсету деген тағы да бап бар. Сол себепті сіздерге айтарым бірінші әрекет етпестен бұрын, заңға бір қарап алыңыздар. Сізді адам кешіргенмен, Заң кешірмейді”, – деді заңгер Гүләйім Антаева.
Қыз алып қашу – көнеден күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан дәстүр. Дегенмен осы дәстүрлерді көпшілік дұрыс түсіне қоймайды. Ұлтымызға ғана емес, тіпті адамға жат қылықтар жасап, танымайтын қызды еркінен тыс алып қашады. Кейін оны салтқа сілтеп, ақталады.
21 қазан 2022 ж. 219 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 52

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930