Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарға екі жерде жұмыс істесе, айыппұл салына ма

Қазақстандықтарға екі жерде жұмыс істесе, айыппұл салына ма

Қазақстандықтарға екі жерде жұмыс істесе, айыппұл салына ма
Фото: pexels.com
Қазақстандықтарға негізгі және қосымша жұмысты қоса алғанда, 12 сағаттан артық еңбек етуге шектеу қойылмақ. Бұл талап орындалмаса, не болады? Elordainfo.kz бұл норма туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен сұрап білді.
«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, қазақстандықтар бір уақытта бірнеше жұмыс орнында және әртүрлі жұмыс берушілерде еңбек ете алады, алайда бұл ретте келесі шектеулер сақталуы тиіс: негізгі жұмыста – 8 сағаттан, ал қосымша (қосалқы) жұмыста – 4 сағаттан аспауы керек, яғни барлығы бір тәулікте 12 сағаттан аспауы тиіс», - деді министрліктен.
Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитетінің мәліметіне қарағанда, заңдағы бұл норма бұрыннан бар. Бұл жұмысшыларға тым үлкен жүктеме түспеуі үшін, олардың денсаулығын қорғау үшін және отбасылық міндеттерін жұмыспен қатар атқаруға мүмкіндік беру үшін жүргізілген. 
Мамандардың айтуынша, қалыпты жұмыс уақытының шегін орындамау заңға қайшы. Сондықтан бұл әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады. 
Егер азаматтар еңбек инспекциясына 12 сағаттан артық жұмыс істеп жүргені туралы шағымданса, жұмыс берушіге ұйғарым жіберіледі. Яғни мәселе бірінші рет анықталса, жұмыс берушіге ескерту беріледі. Ал бұл заң бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, онда жұмыс берушіге айыппұл салынады.
08 қазан 2025 ж. 210 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031