Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұғалімдер мен дәрігерлер неше жерде жұмыс істей алады?

Мұғалімдер мен дәрігерлер неше жерде жұмыс істей алады?

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскер бірнеше жерде және әртүрлі жұмыс берушілерде еңбек етуге құқылы. Бұл ретте жалпы жұмыс уақыты тәулік ішінде 12 сағаттан аспауы тиіс
Фото: ЖИ
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.
Мысалы, қазіргі таңда медицина қызметкерлері арасында күніне 6 сағаттан екі ұйымға жұмыс істеу тәжірибесі кең таралған. Ал, тазалық жұмыстары бойынша мамандар үш түрлі жұмыс берушіге 4 сағаттан қызмет көрсете алады.

Қызмет саласының ерекшеліктеріне байланысты бухгалтерлер, сантехниктер, электриктер, күзетшілер, бағдарламашылар, педагогтер, журналистер және де өзге де мамандық иелері де 2-3 жұмыс орнында қатар еңбек ететіні жиі кездеседі.
Атап айту керек, 18 жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ, ауыр жұмыстарда, зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларда еңбек ететін жұмыскерлерге қосымша жұмысқа орналасуға рұқсат етілмейді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес қосымша жұмыс істеуге мемлекеттік қызметшілерге тыйым салынады, өйткені, олар педагогикалық, ғылыми және шығармашылық қызметтен басқа, өзге де ақылы қызметпен айналысуға құқылы емес.
Ал, аталған шектеулерге жатпайтын, кәмелетке толған кез келген Қазақстан Республикасының азаматы қосымша жұмыс істеуге құқылы.
26 қыркүйек 2025 ж. 205 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 39

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 127

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031