Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір уақытта бірнеше жерде жұмыс істеуге бола ма?

Бір уақытта бірнеше жерде жұмыс істеуге бола ма?

Фото: depositphotos.com
Қазақстандықтар бір уақытта бірнеше жұмыс істеуге құқылы, бірақ кейбір шектеулер бар, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, азаматтар тек белгілі бір шарттарға сәйкес жұмыс істей алады.
Негізгі жұмыс күніне 8 сағаттан, ал қосымша жұмыс уақыты 4 сағаттан аспауы керек (Еңбек кодексінің 68-бабы 3-тармағы). Сонда күніне 12 сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды.
Ведомство мәліметінше, қосымша жұмыс - негізгі жұмыстан бос уақытта басқа тұрақты ақылы жұмысты орындау. Мұндай кезде еңбек шартын жасау үшін қызметкер негізгі жұмыс орнынан лауазымы мен жұмыс жағдайы туралы анықтама ұсынуы керек.
Сонымен қатар, кейбір адамдарға шектеулер бар. Олар - кәмелетке толмағандар, ауыр немесе қауіпті жұмыстардағы жұмысшылар (дәрігерлерден басқа). Олар қосымша жұмыс істей алмайды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге педагогикалық, ғылыми және шығармашылық қызметті қоспағанда, қосымша жұмысқа тыйым салынады.

19 қыркүйек 2025 ж. 316 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031