Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырмандағы қызу еңбек

Қырмандағы қызу еңбек

Аудан диқандары ырыс дәнін ысырапсыз жинап алу жолындағы күреске бір кісідей жұмылған. Бүгінде егінжайларда егін жинау науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр. Егін шаруашылықтары ала-жаздай күтіп-баптап өсірген Сыр салысын төкпей-шашпай жинап алуда. Шаруашылық құрылымдарының қырмандарына егістік басынан күріш тиелген жүк көліктері толассыз ағылуда. Жақында аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев Жалаңтөс батыр ауылындағы «Жалаңтөс батыр» ЖШС-нің қырман басына арнайы барып, ондағы қызу тіршілікпен танысты.

Алқапта Жалғас Оңғарұлына серіктестік директоры Қасқырбай Әлімбай күзгі жиым-терін барысында атқарылып жатқан жұмыстардың жайын айтып өтті. «Жалаңтөс батыр» ЖШС биыл 450 гектар жерге күріш еккен. Дәл қазіргі уақытта шаруашылықтағы күріштің 190 гектары орылса, 33 гектары бастырылыпты. Шаруашылықта бұдан бөлек қосымша майлы дақылдармен 470 гектар ескі жоңышқа және 150 гектар жаңа жоңышқа бар.
– Диқандар биыл егілген Сыр маржанын төкпей-шашпай, ысырапсыз шаруашылық қоймасына жинап жатыр. Мұның барлығы ерте көктемнен бастау алып, жаз айларында, шіліңгір шілденің аптапты ыстық күндерінде тер төгіп еткен ерен еңбектің арқасы деп білеміз, – деді шаруашылық директоры.
Қазір егін алқабы мен қырман басындағы қызу тіршілік толассыз жүріп жатыр. Егістіктегі берекелі істі көрген Жалғас Оңғарұлы жұмысшыларға сәттілік тілеп, егілген ел несібесін дер кезінде төкпей-шашпай жинап алуға тілектестігін білдірді.
Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
20 қыркүйек 2025 ж. 20 0

Қырмандағы қызу еңбек

20 қыркүйек 2025 ж. 21

Никабты шешуге не негіз?

20 қыркүйек 2025 ж. 32

Қайран, қарт, қорғаның кім?

20 қыркүйек 2025 ж. 28

Мейірім аңсаған ақсақал

20 қыркүйек 2025 ж. 22

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 159

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930