Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адалдықты дәріптеген дода

Адалдықты дәріптеген дода

Ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда адалдық қағидатын орнықтыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.
Шараға аудан әкімінің қолдауымен қоғамдық даму бөлімі мен спорт бөлімі ұйытқы болды. Жарысқа құқық қорғау саласы, мемлекеттік кірістер басқармасы, мәдениет және өзге де құрылымдардың қызметкерлері қатысып, ұйымшылдық пен спорттық шеберліктерін көрсетті. Әр команда ойын барысында тәртіп пен өзара сыйластыққа негізделген үлгілі ойын өрнегін танытты.
Тартысты өткен дода қорытындысына тоқталсақ. Бірінші орын аудандық спорт клуб қызметкерлеріне бұйырып, жеңімпаздар арнайы кубок пен 100 мың теңгені қанжығаға байлады. Ал екінші орынды Мемлекеттік кірістер басқармасы мен аудандық соттың құрамасы еншілеп, 70 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Үздік үштікті Мәдениет саласының құрамасы түйіндеді. Жүлдегерлер 50 000 теңге сыйақымен марапатталды.
Жарыс барысында ерекше ойын өрнегін көрсеткен қатысушылар да назардан тыс қалмады. Олар «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы» және «Үздік шабуылшы» номинациялары бойынша 10 000 теңгеден ақшалай сыйлық алды.
Сайыстың қорытынды сәтінде Қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жәнібек Әлиев сөз сөйлеп, қатысушыларға алғысын білдірді. Ол мұндай шаралардың мемлекеттік қызметшілер арасында достық пен бірлікті арттырып қана қоймай, қоғамда әділдік пен адалдық қағидаттарын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
– Салауатты өмір салты мен әділ ойын қағидаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың басты тетігі. Осындай шаралар қызметкерлердің ынтымағын арттырып, қоғамға үлгі боларына сенеміз, – деді ол.
Бекзат АСАН
07 қазан 2025 ж. 194 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 32

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031