Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баскетболдан тартысты турнир өтті

Баскетболдан тартысты турнир өтті

1-5 тамыз күндері аралығында білікті бапкер, спорт саласының саңлақтары Сержан Ерназаров, Аманжол Қалдыбай және Нұрлан Қорабаевты еске алуға арналған баскетболдан жастар арасында аудандық ашық турнир өткізілді. Бұл турнир – жас спортшылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, ел есінде қалған спорт майталмандарының өнегесін ұлықтауға бағытталған тағылымды бастама болды.
Тартысты турнирде Қызылорда, Байқоңыр қалалары және облыстың барлық аудандары қатысқан командалар шеберліктерін сарапқа салды.
Сайыс қорытындысы бойынша қыздар арасында Қызылорда қаласынан келген команда 1-орынды иеленсе, Жаңақорған ауданы 2-орынды қанжығасына байлады. Ал Шиелі ауданынан келген баскетболшы қыздар 3-орынды місе тұтты. Ұлдар арасында өткен тартысты ойынның нәтижесінде, 1-орынды Байқоңыр қаласы жеңіп алды. 2-орын Қызылорда қаласынан келген командаға бұйырса, Жаңақорған ауданынан келген спортшылар 3-орынды иеленді.
Турнир барысында ерекше ойын өрнегімен көзге түскен үздік ойыншылар да анықталды. Қазалы ауданы командасы Спорт клубының ойыншылары Құтбай Жақсыбай, Гүлзат Құрманғазы және Ләззат Орынбасар марапатталды. Жаттықтырушысы – Құдайберген Медетов. Жарыс соңында жүлдегер командаларға арнайы кубок, медальдар берілді. Сонымен қатар спорт саңлақтарының отбасы және демеушілердің қаржылай сыйлықтары табысталды.
А.ӘЛИ
09 тамыз 2025 ж. 320 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930