Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда еңбек адамдары құрмет төрінен көрінді

Қазалыда еңбек адамдары құрмет төрінен көрінді

Қазалыда қыркүйек айының екінші жексенбісі – Еңбек күніне орай мерекелік шара өтіп, еңбек адамдары марапат төрінен көрінді.

Руханият орталығының алдында өткен «Адал азамат – еңбектің үлгісі» атты салтанатты шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, еңбек майданында адал қызмет етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып жүрген еңбек адамдарын мерекемен құттықтады.

- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбеккеш және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек» деген болатын. Ұлтымыздың ұлы мұраты жолында адал ісімен еңбек майданында қаншама ата-бабаларымыз тер төкті. Олардың арасынан Сыр өңірінен 102 Социалистік Еңбек Ері шықса, 5-еуі Қазалы ауданының еңбеккерлері. Бүгінде солардың бірі Лақалы ауылында тұратын Социалистік Еңбек ері, Қазалы ауданының құрметті азаматы Кәрібоз Әлимаев ақсақал біздің ортамызда. Еңбегін ел құрметтеген азаматтарымыздың есімі мен еңбегі бүгінгі жас ұрпаққа үлкен үлгі. Бүгінде ауданымызда аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен, елге жанашыр азаматтардың ауызбіршілігінің арқасында аудан орталығы мен ауыл-аймақтарда абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Жылдың басынан бері ауданда Теміржол вокзалының алдындағы Әйтеке би алаңы, Жанқожа батыр көшесінің бойындағы «Руханият» сквері мен баба кесенесінің аумағы, Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентіндегі Орталық алаңдар, Қазалы мәдени-демалыс кешені сынды орындар абаттандырылып, бүгінде аудан халқы мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарына айналды. Әрине, мұның барлығы қарапайым еңбек адамдарының елдің игілігі үшін жасаған жұмыстарының нәтижесі. Осындай үлкен жұмыстарды атқарған қарапайым еңбек адамдарын бағалау, дәріптеу – біздің басты міндеттеріміздің бірі! Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ауданымыздың, аймағымыздың дамуына қосқан орасан зор үлестеріңіз үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін, - деді аудан әкімі.

Мерекелік шарада өз кәсібін адал жасап, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталса, қарапайым еңбек адамдарына шипажайға жолдамалар берілді.

Сонымен қатар салтанатты шара барысында «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсына қатысып, «Үлгілі аудан» номинациясы бойынша екінші орынға ие болған Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіне берілген жаңа техникалардың кілті табысталды.

Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары еңбек адамдарына арнап әсем әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
04 қазан 2025 ж. 194 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031