Жерлесіміз республикалық байқаудан жүлделі оралды

Байқаудың мақсаты – Тәуелсіздік жылдары адал еңбек етіп, өз мамандығының хас шебері атанған әр сала мамандарын марапаттау, патриоттық сезімдерін күшейту, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау және жастарға үлгі ету.
Байқауға қатысқан Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» Қазалы ауданының «Мансап орталығы» филиалының еңбек ресурстарын мониторингілеу, болжау, оқыту және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бөлімшесінің басшысы Алтынбек Төреханұлы жүлделі орынға ие болды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат