Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адал еңбек абыройға бөлейді

Адал еңбек абыройға бөлейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жар­лығымен биыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» болып жарияланды.
Бұл туралы Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдау­ында: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Бұл «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі», деп атап көрсеткен болатын.
Осы орайда Қазалы қалалық кітапханада «Адал еңбек, алғыр ой – анық досың біліп қой» атты Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің өн­діріс­тік оқыту шеберлері және колледж студенттерінің қатысуымен кездесу кеші өткізілді. Шараға «Автомобиль техникалық пайдалану және жөндеу», «Ауыл шаруашылығын электрмен қамтамасыз ету», «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Кеш барысында өндірістік оқыту шеберлері Нұрғабыл Мырзабаев, Шынжырбай Жадырасынов және колледж студенттері Нұрхан Серікқали, Мақсат Аралбаев және өзге де қатысушылар, мамандықтары бойынша жеткен жетістіктері мен алдағы арман-мақсаттары туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Кеш соңында белсене қатысушылар мен қонақтарға кітапхана ұжымының атынан кітап және заттай сыйлықтар таратылды.

Ш.ҚАЛИЕВ,
кітапхана оқырманы

04 наурыз 2025 ж. 218 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 109

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 107

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 105

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 94

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930