Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адал еңбектің ақ жүректі иесі

Адал еңбектің ақ жүректі иесі

Мамандық – тек еңбек қызметінің түрі ғана емес, сонымен бірге адамның қоғам алдындағы жауапкершілігін, білімі мен дағдысын көрсететін кәсіби рөлі. Қоғамдағы сан алуан сала мамандарының арасында Аманкүл Ахметова өзінің еңбегімен әйелдер денсаулығына айрықша мән беріп, маңызды міндетті атқарып келеді.
Бүгінде Қазалы теміржол емханасында жұмыс істейтін Аманкүл – әйелдердің репродуктивті жүйесінің денсаулығына қатысты барлық мәселелер бойынша жан-жақты медициналық көмек көрсететін, жауапты гинеколог-кеңесші.
Аманкүл Ахметова әйелдерді жасөспірімдік шақтан бастап, менопаузаға дейінгі өмір жолында, сондай-ақ жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдерде сүйемелдейді. Оның негізгі міндеттері өте ауқымды және кешенді көмекті қамтиды.
Дәрігердің жұмысындағы басты бағыт – аурудың алдын алу. Аманкүл әйелдерді жыл сайынғы профилактикалық қараудан өткізіп, жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін «Пап-тест» жүргізеді.
Сонымен қатар сүт бездерін тексеру және кіші жамбас мүшелерін қарау сияқты маңызды скринингтік шараларды қамтиды. Ол әйелдердің онкологиялық ауруларға шалдығу қаупін бағалап, алдын алу шараларын ұсынады. Сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға тест жүргізіп, емдейді.
Аманкүлдің біліктілігі бедеулікті емдеу және отбасын жоспарлау мәселелерін шешуге бағытталған. Ол жұбайларға кеңес беріп, қажетті диагностикалық тексеруден өткізеді. Бұған қоса экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) бағдарламасына дайындық жұмыстарын жүргізеді. Жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге денсаулықты нығайту бойынша да маңызды кеңестер береді.
Дәрігер жатыр миомасы, аналық без кисталары, эндометриоз және жамбас қуысының қабыну аурулары сияқты гинекологиялық дерттерді диагностикалаумен және емдеумен айналысады. Ол климакс кезеңіндегі әйелдерге гормондық және басқа да емдеу әдістері бойынша кеңес беріп, симптомдарын жеңілдетуге көмектеседі.
Аманкүл Ахметованың мамандығы күрделі болғандықтан оған ерекше ықыласпен қарайды:
«Қай саланың да өзіндік қиындығы болады. Дегенмен өзің қалап таңдаған мамандығыңды бар сүйіспеншілікпен атқарасың. Негізінде гинекология – әйелдің ағзасына ғана тән аурулар мен репродуктивтік жүйесінің дерттерін зерттейтін медицинаның бір бөлігі. Бұл саладағы дәрігерлердің көпшілігі қазіргі кезеңде акушер болып жүр. Гинекология жүктілік пен тууға қатысты, бастапқы кезеңнен соңғы кезеңге дейінгі, әйел ағзасындағы көріністерді зерттейтін, акушерлікпен тығыз байланысты», – дейді маман.
Оның жұмысы терапияны, хирургияны, эндокринологияны және психологиялық қолдауды біріктіретін кешенді тәсілді талап етеді. Аманкүл: «Күні бойы қаншама әйел көрінуге келеді. Сол аралықта олардың анатомия-физиологиялық, психикалық ерекшеліктерін қадағалаймын», – деп әр пациентке жеке көңіл бөлетінін атап өтті. Шұғыл жағдайларда ол дереу ем тағайындап, ауруханаға немесе облысқа жолдама береді.
Дәрігердің ең басты міндеті – пациентпен сенімді қарым-қатынас орнату. Әйелдер өздерінің жеке және нәзік мәселелерін ашық айта алуы үшін дәрігер мейірімді, құпияны сақтайтын және түсіністікпен қарайтын болуы керек.
Медицина үнемі дамып отырғандықтан Аманкүл сияқты білікті гинекологтар әр 5 жыл сайын өз біліктіліктерін арттыру курстарынан өтіп, аттестациялануы қажет. Бұл оның әйелдердің өмір сүру сапасын жақсартуда және репродуктивті денсаулығын сақтауда шешуші рөл атқаруына мүмкіндік береді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
04 қазан 2025 ж. 223 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031