Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәртебелі мамандық иелері

Мәртебелі мамандық иелері

Қоғамдағы мамандықтар әлемі – күрделі, серпінді, үнемі дамып отыратын жүйе. Мамандық таңдау оңай емес. Қай саланың да өз қиындығы бар. Тек адамның белгілі бір мамандықты игеруге ынта-ықыласы, қызығушылығы болса, алынбайтын қамал жоқ. Әр адам өмірде өзіне қуаныш сыйлайтын және адамдарға пайдасын тигізетін сүйікті ісін табуды армандайды. Осындай мақсат-мүдделерін бір арнаға тоғыстырған жандар арамызда кездеседі. Солардың қатарына Қазалы теміржол ауруханасында халыққа қалтқысыз қызмет ететін Аманкүл Ахметова мен Аманқос Бекеевті қосуға әбден болады.
Бүгінде Аманқос жансақтау бөлімінде анестезио­лог қызметін атқарса, Аманкүл емханада күндізгі бөлімде әйелдерге гинекологиялық кеңес берумен қатар ауруханадағы гинекология бөлімін басқарады. Қос дәрігер М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін тәмамдаған. Ерлі-зайыптылар қазіргі күні тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіби біліктілігін алу мақсатында резидентурада білімін жетілдіруде.
Жалпы анестезиология мен реаниматологияның негізгі мақсаты – науқастарға операция, диагностика жасау мен емдеу кезеңінде өмірлік қажетті ағзалардың қызметін реттеп, оны қалпына келтіру, медицина қызметкерлеріне жүрек-өкпе-ми реанимациясын, жансақтау әдістерін жүргізуге үйрету болып табылады.
– Анестезиология мен реаниматология ең қажетті үш бөлімнен тұрады: реаниматология, үстемелеп емдеу, анес­тезиология. Анестезиологияның белгіленген әдістері тек қана ота салдарынан болатын ауырсынуды жою үшін, сонымен бірге емдік шараларды жүргізу үшін де қолданылады.
Бір сөзбен айтқанда, науқастың операциядан, не болмаса аса қауіпті төтенше жағдайлардан аман-есен шығып, сауығып кетуінде дәрігер анестезиолог-реаниматологтардың үлесі көп, – дейді Аманқос Сайлаубайұлы.
Аманқос ақхалатты киіп, науқастарға жәрдем беруді жасынан армандап өсті. Бұл күні өз ісінің маманы. Ұжымдастарының арасында абыройлы. Қызметіне адал әрі тиянақты, дертке шалдыққандарға жанашырлығы зор.
Аманкүлдің айтуынша, Аманқос қамқор әке, жан-дүниесі игілікке толы сенімді сырлас. Әрдайым жұмыс кес­теден тыс уақытта пациенттер хабарласып жатқанын көріп, жұмысына деген сүйіспеншілігіне риза болады. Науқастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп тұруына кеңес береді.
– Қай саланың да өзіндік қиындығы болады. Дегенмен өзің қалап таңдаған мамандығыңды ерекше ықыласпен атқарасың. Негізінде гинекология әйелдің ағзасына ғана тән аурулар мен репродуктивтік жүйесінің дерттерін зерттейтін медицинаның бір бөлігі саналады. Врач-гинекологтардың көпшілігі қазіргі кезеңде акушер болып жүр. Гинекология жүктілік пен тууға қатысты, бастапқы кезеңнен соңғы кезеңге дейінгі, әйел ағзасындағы көріністерді зерттейтін, акушерлікпен тығыз байланысты. Күні бойы қаншама әйел көрінуге келеді. Сол аралықта олардың анатомия-физиологиялық, психикалық ерекшеліктерін қадағалаймын. Кейбіріне шұғыл ем қажет болса, порталға салып ауруханаға ем алуға жолдама беремін. Тіпті кей кездері облысқа жібереміз, – дейді Аманкүл.
Бүгінде Аманкүл Қазиқызы үш баланың анасы. Құдай қосқан қосағы Аманқос екеуі бала болашағына ерекше көңіл бөліп отыр.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

04 наурыз 2025 ж. 176 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31