Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсіз активтерге жатқызудың жаңа ережелері бекітілді

Микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсіз активтерге жатқызудың жаңа ережелері бекітілді

Фото: pexels
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі қаулысымен берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсіз активтерге жатқызу қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қағидалар берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсіздерге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін белгілейді.
Осылайша, берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелер жеке және біртекті негізде бағаланады делінген.
Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптау (қайта сыныптау) және оларға қарсы провизиялар (резервтер) қалыптастыру мынадай талаптардың негізінде жүзеге асырылады:
берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптау және провизияларды (резервтерді) қалыптастыру бойынша нақты іс-әрекеттердің Қағидалардың және микроқаржы ұйымының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келуі;
берілген микрокредиттер бойынша активтерді, шартты міндеттемелерді сыныптау және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру аясына жататын барлық ақпаратты кешенді және объективті талдау;
берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптаудың (қайта сыныптаудың) және (немесе) провизияларды (резервтерді) қалыптастырудың уақтылылығы, есепке алу мен есептілікте провизиялар (резервтер) мөлшерінің өзгеруін көрсетудің дәйектілігі.
Сыныптау мақсатында берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелер стандартты және сыныпталған болып бөлінеді.
Сыныпталуға жатпайтын, берілген микрокредит бойынша актив стандартты болып табылады.
Сыныпталған міндеттемеге жатпайтын, берілген микрокредит бойынша шартты міндеттеме стандартты болып табылады.
Берілген микрокредиттер бойынша сыныпталған активтер мен шартты міндеттемелер қалыптастырылған провизиялар (резервтер) мөлшеріне қарай мынадай санаттарға бөлінеді:

күмәнді:
1-санатты күмәнді – берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің жалпы баланстық құнының 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызынан астам және 5 (бес) пайызынан кем немесе тең провизиялар (резервтер);
2-санатты күмәнді – берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің жалпы баланстық құнының 5,01 (бес бүтін жүзден бір) пайызынан астам және 10 (он) пайызынан кем немесе тең провизиялар (резервтер);
3-санатты күмәнді – берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің жалпы баланстық құнының 10,01 (он бүтін жүзден бір) пайызынан астам және 20 (жиырма) пайызынан кем немесе тең провизиялар (резервтер);
4-санатты күмәнді – берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің жалпы баланстық құнының 20,01 (жиырма бүтін жүзден бір) пайызынан астам және 25 (жиырма бес) пайызынан кем немесе тең провизиялар (резервтер);
5-санатты күмәнді – берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің жалпы баланстық құнының 25,01 (жиырма бес бүтін жүзден бір) пайызынан астам және 50 (елу) пайызынан кем немесе тең провизиялар (резервтер);
үмітсіз – берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің жалпы баланстық құнының 50,01 (елу бүтін жүзден бір) пайызынан астам провизиялар (резервтер).
Қағидалар сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру тәртібін белгілейді.
Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
03 қазан 2025 ж. 118 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 34

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031