Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ОПЕК+ елдері қыркүйекте мұнай өндіру көлемін ұлғайтады

ОПЕК+ елдері қыркүйекте мұнай өндіру көлемін ұлғайтады

Photo: freepik

ОПЕК+ альянсына мүше сегіз мемлекет – Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Біріккен Араб Әмірліктері, Алжир, Кувейт, Қазақстан және Оман – қыркүйек айында мұнай өндіру көлемін тәулігіне 548 мың баррельге арттыруға қағидатты түрде келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл шешім 3 тамызда өтетін ОПЕК+ онлайн-кездесуінде ресми түрде бекітілуі тиіс. Егер шешім қабылданса, көктемнен бері жалғасып келе жатқан, тәулігіне 2,2 млн баррельді құрайтын ерікті өндіріс қысқартуының бір бөлігі тоқтатылады.
Сонымен қатар, өндірістік квоталар қайта қаралып, Біріккен Араб Әмірліктері үшін мұнай өндірісінің базалық деңгейі 300 мың баррельге ұлғайтылмақ.
Бастапқы жоспар бойынша өндіріс көлемі біртіндеп, ай сайын 130–140 мың баррельге көбейтілуі тиіс еді және бұл үрдіс 2025 жылдың сәуірінен 2026 жылдың қазанына дейін созылады деп болжанған. Алайда ұйым бұл жоспардан бас тартып, биылғы сәуірде нарыққа 138 мың, мамырдан шілдеге дейін ай сайын 411 мың баррель қосымша мұнай шығарды. Тамызда бұл көлем 548 мың баррельге дейін жетеді.
Бұл шешім әлемдік экономиканың оң қарқыны мен мұнайға деген сұраныстың артуына байланысты қабылданды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Үндістан Ресей мұнайын импорттауды Трамп әкімшілігінің қысымына қарамастан жалғастыратынын мәлімдеген болатын.
03 тамыз 2025 ж. 149 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031