Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнеркәсіптік мақсатта сора өсіру талабы бекітіледі

Өнеркәсіптік мақсатта сора өсіру талабы бекітіледі

Үкімет есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігін өсіру шарттарына қойылатын талаптарды бекітті. 
Фото: pexels
Құжатқа сәйкес, заңды тұлғалардың есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруіне рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігіндегі тетрагидроканнабинолдың (ТГК) құрғақ массадағы жол берілетін құрамы 0,3 пайызға дейінгі мөлшерде айқындады.

Себуге дайын сора (каннабис) тұқымдарын зерттеу егіс жұмыстары басталғанға дейін жүргізіледі.

Сора (каннабис) өсімдігінде ТГК-ның болуына зерттеу жүргізу вегетациялық кезең ішінде міндетті саналады және мына мерзімдерде жүзеге асырылады:

1) белсенді өсу кезеңінде — сепкеннен кейін 40-45 күн ішінде;
2) орып-жинау алдындағы кезеңде — сепкеннен кейін 90-120 күн ішінде/өнім жинауды бастар алдында.

Сора (каннабис) тұқымдары мен өсімдіктерінде ТГК-ның болуын зерттеуді сот сараптамасы органы шарттық негізде сора (каннабис) өсірумен айналысатын лицензиясы бар заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүргізеді.

Зерттеу нәтижелері бойынша сот сараптамасы органы сора (каннабис) тұқымдарында немесе өсімдіктерінде ТГК-ның болуына қатысты маманның қорытындысын ресімдейді.

Зерттеу нәтижелері бойынша ТГК-ның болуы белгіленген деңгейден асып кеткен жағдайда барлық егіс алаңы тексерілуге тиіс.

Сора (каннабис) себуге пайдаланылатын сорттар «Тұқым шаруашылығы туралы» заңға сәйкес мемлекеттік сорт сынағына берілуге және Мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиіс.

Себу үшін «Тұқым шаруашылығы туралы» заңға сәйкес белгіленген стандарттарға сәйкес келетін бірегей және элиталық тұқымдар қолданылады.
Екінші және одан кейінгі репродукция тұқымдарын себуге жол берілмейді.

Сора (каннабис) егістіктері елді мекендерден, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарынан және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктерінен кемінде 2 шақырым қашықтықта қорғау аймағы қамтамасыз етіліп орналастырылады және учаскенің периметрі бойынша тор немесе тікенекті сыммен қоршалуы, тәулік бойғы күзетпен және кіріп-шығатын бір орынның орнатылуымен қамтамасыз етілуі қажет.

Зерттеу жүргізу үшін сот сараптамасы органына зерттеу нысандары — сора (каннабис) тұқымдары мен өсірілген өсімдіктері ұсынылады. Ұсынылған нысандардың құрамының өсімдік тектес заттардың қасиеттеріне байланысты өзгеру мүмкіндігін (органикалық компоненттердің тотығуы, құрамның түрленуі, шіру өзгерістеріне бейімділігі) жоққа шығару үшін сора (каннабис) өсімдіктерінен іріктеліп алынған үлгілерді арнайы зерттеуге дереу ұсыну керек.

Қаптама ретінде қағаз немесе талшықты материалды (қаптар, дорбалар және т. б.) пайдалану қажет, бұл объектілердің зақымдануын және тасымалдау мен сақтау шарттарында олардың өзгеруін болғызбау үшін жасалады. Қаптамалар нөмірленуге тиіс, өтініште жалпы егіс алаңы және осы нөмірленген объектілер алынған жерлер көрсетілуі қажет. 

Айта кетелік Түркістан облысында дәрілік өсімдік қазған шетелдіктер ұсталған еді. 

30 қыркүйек 2025 ж. 59 0

Тірек ауылдарға тың серпін

30 қыркүйек 2025 ж. 34

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930