Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады

Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданына қарасты Жіңішкеқұм елді мекенінен солтүстікке қарай шамамен 170 шақырым қашықтықтағы құмды төбе арасында ірі есірткі алқабы анықталды.

Үш азамат, яғни Қызылорда облысының 2 тұрғыны және Жезқазған қаласының 1 тұрғыны заңмен тыйым салынған сора өсімдігін адамдар тобы болып, ірі мөлшерде егіп, күтіп баптап өсірген.
Оқиға орнына жедел тергеу тобымен қарап-тексеру жүргізу барысында жалпы саны 589 түп сора өсімдіктері анықталып, олардан үлгі ретінде 15 дана сора өсімдіктері алынды. Ал қалған 574 түп оқиға орнында өртеу жолымен жойылды.
«15 дана сора өсімдігі сараптама қорытындысымен жалпы салмағы 7945,63 гр есірткі құралына жататындығы бекітілді. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы бойынша (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында.
Күдіктілер Арал аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
20 қыркүйек 2021 ж. 477 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 264

Еңбегімен елге сыйлы

20 мамыр 2025 ж. 68

Ыбырай атаға арнау

20 мамыр 2025 ж. 69

ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

20 мамыр 2025 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031