Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүниежүзілік тазалық күні өтті

Дүниежүзілік тазалық күні өтті

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауданда жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Ауқымды шараға аудандағы барлық мекеме-кәсіпорындардың қызметкерлері, жастар, еріктілер, сондай-ақ тұрғындар қатысып, қоршаған ортаның тазалығы мен көркейуіне өз үлесін қосты.
Тазалық шарасы барысында аудан орталығы Әйтеке би кенті мен барлық ауылдық округтердегі саябақтар, көшелер, скверлер, шашылған қоқыстардан тазартылып, көше бойындағы ағаштардың түптері әктеліп, қоршауларды, бағаналарды сырлау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аяқ су арықтары мен көше бойындағы ретсіз өскен шөптер шабылып, арнайы орындарға шығарылды. Әйтеке би кентіндегі 7 аймақ бойынша жасалып жатқан тазалық жұмыстарын аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев аралап, тазалық жұмысы бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Жылына бір келетін тазалық күнінде ғана емес, жалпы ауданда сенбілік жұмыстары тұрақты атқарылып келеді. Күн санап дамып келе жатқан тұрмыс-тіршілігімізге қуана қараймыз. Сол даму қоршаған ортаға кері әсерін тигізбесе игі. Мәселен, дүкен сөресінде самсап тұрған тағамдар мен сусындардың барлығы арнайы қорапқа немесе полиэтилен пакетке түрілген. Бұрыңғы әжеміздің қолдан тіккен өміршең қолдорбасын пакет алмастырды. Сүт, сұйық май, шырын, сусын бәрі-бәрі түрлі қорапқа немесе шыны ыдысқа, қала берді «баклажкаға» құйылған. Міне, ең алдымен көше тазалығын ластайтын осы тұрмыстық қалдықтар. Өз үй-жайларының айналасындағы көң-қоқысты көше шетіне шығару өз алдына бөлек әңгіме. Әрбір тұрғын өз үйінің айналасын жинап, жанатын тұрмыстық қалдықты мұқият өртеп, басқа қалдықтарды уақытылы арнайы күл-қоқыс төгетін орынға апарса құба-құп болар еді. «Ауылына қарап азаматын таны» дейді қазақ. Сырттан қараған сыншыл көз ауданға қызыға қараса, мақтаныш емес пе?
Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
23 қыркүйек 2025 ж. 33 0

Көкем қайта келе ме?

23 қыркүйек 2025 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930