Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаһар келбетін әрлеуге атсалысты

Шаһар келбетін әрлеуге атсалысты


Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда күзгі санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілік шаһар тынысының кеңеюіне үлесін қосуда.
Бұл жолғы тазалық жұмыстары барысында барлық мекеме ұжым қызметкерлері Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағына жұмылдырылды. Ортақ күш-жігермен жергілікті аумақты тез арада ретке келтіруге болады.
Қатысушылар жұмыс құрал-сай­манда­рын, сыпырғыштар мен тырмаларды бірге бөліп, аумақты тазалау жұмыстарын жүр­гізді. Олар шөптер мен жапырақтарды, тұрмыстық қоқыстарды алып тастады.
Сенбілік барысында саябақ ішіндегі қураған ағаштар шабылып, ағаштардың түптері сондай-ақ аяқ су арықтары тазаланып, басқа да тазалық жұмыстары жасалды.
Аудан орталығы Әйтеке би кентіндегі мекеме-кәсіпорындар 7 аймаққа бөлініп, тиісті тазалық жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарына аудандағы барлық елді мекендер де тартылды.
Тазалық шараларына 114 мекемеден 1933 қызметкер қатысып, 17 техника жұмылдырылды. Келешек мәдени-демалыс орнына айналуы тиіс саябақтан 14,7 тонна бей-берекетсіз қоқыс жиналып, арнайы орынға шығарылды.
Сенбілік – тазалық кепілі. Әр адам сенбілікке кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Олар сенбілікке шығу арқылы тазалыққа деген жауапкершілікті нығайтады.


Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
03 желтоқсан 2024 ж. 200 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031