Мәжілісте жол қауіпсіздігі мәселесі қаралды

Жалғас Оңғарұлы Жолдауда көтерілген барлық бағыттар бойынша нақты шаралар қабылдап, олардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Осы орайда аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және кент, қала, ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын қатаң қадағалау міндеттелді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Аңсатов аудан көлемінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы баяндады.

Жыл басынан бері аудан көлемінде 58 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның 18-і жаяу жүргіншілер қатысқан жағдайлар болып отыр. Осыған байланысты аудан аумағында «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Мас жүргізуші қылмыскер», «Заңсыз қайта жабдықтау», «Құқық тәртібі» сияқты арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп келеді.

Жалғас Оңғарұлы полиция бөлімінің бастығына жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында рейдтік шараларды күшейту, жедел басқару орталығының мүмкіндіктерін толық пайдалану және жолдағы тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырма берді. Сонымен қатар, тиісті сала басшылары мен кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне әлеуметтік нысандар мен мектеп-балабақшалардың алдында, қоғамдық орындарда жол белгілерін орнату мен жаңартуды, автомобиль жолдары мен көшелерді салу, жөндеу және күтіп-ұстау сапасын қатаң қадағалауды талап етті. Бұл шаралар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар болып табылады.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ