Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжілісте әлеуметтік саланы дамыту мәселесі қаралды

Мәжілісте әлеуметтік саланы дамыту мәселесі қаралды

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте аудандағы әлеуметтік саланың дамуын жеделдету мәселесі қаралды.
Мәжілісте сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Совет Бабанаев хабарлама жасады.
Экономиканың түрлі саласында биыл ауданымызда 1921 жұмыс орны ашылса, оның ішінде 73 адам мемлекеттік бағдарламалар негізінде қайтарымсыз грант алған, 45 адам әлеуметтік жұмысқа, 72 адам жастар практикасына, 892 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 62 адам «Күміс жас» жобасына, 251 адам «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» жобасына, 66 адам «Ауыл аманаты» жобасына тартылған, 398 адам тұрақты жұмысқа тұрып, 62 адам ұлттық жоба бойынша жұмыспен қамтылған.
Жиында Жалғас Оңғарұлы салаға қатысты көрсеткіштердің барлығы 100 пайыз орындалу қажеттігін айтып, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп нәтижелі жұмыс жасауды тапсырды. Ал, «Жастар практикасына» байланысты көрсеткіштерді толық орындамаған ауылдық округ әкімдерін қатаң сынға алып, жұмысты жандандыруды тапсырды.
30 шілде 2025 ж. 210 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930