Вегетациялық кезеңде суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте Сырдария өзеніндегі су деңгейінің төмен болуына байланысты вегетациялық кезеңде шаруашылықтарды суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Жиында Жалғас Оңғарұлы аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысына ауылдық округ әкімдерімен және «Қазсушар» мекемесімен бірлесе отырып, егінді су тапшылығы жағдайында белгіленген кестеге сәйкес кезектестіріп суаруды ұйымдастырып, қолда бар насостардың тұрақты жұмыс жасауын тиісті талаптарға сәйкес жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар жоғарыдан келген суды шаруашылықтар арасында әділ бөлуді үйлестіріп, шаруашылық құрылымдарының арасында тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ескертті.
Ал, екінші мәселе елімізде 1 тамыздан бастап жүргізілетін ауыл шаруашылығы санағын кент, қала және ауылдық округ әкімдері аудандық статистика бөлімімен бірлесіп, жоғары деңгейде ұйымдастыруды қажеттігін айтты.
Мәжілісте елімізде ауыл халқының табысын артыруға байланысты қолға алынған «Ауыл аманаты» бағдарламасының аудан көлемінде жүзеге асырылу барысыда талқыланды. Бұған байланысты тиісті сала басшылары мен ауыл әкімдеріне жоба бойынша жұмыстарды күшейтіп, жобаны тұрғындар арасында кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу тапсырылды.