Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Дала күні - 2025": Қазалыда егінге алғашқы орақ түсті

"Дала күні - 2025": Қазалыда егінге алғашқы орақ түсті

Бүгін қазалылық диқандар егінге орақ салды. Қызу еңбекті алғаш болып Ақтан батыр ауылындағы «Береке» шаруа қожалығының шаруалары бастады. Диқандардың ендігі мақсаты ауа райының қолайлы шағында ел ырысына айналған күріш дақылын ысырапсыз жинап алу. Әрине, бұған адам күші мен арнайы техникаларда әзір.

«Береке» шаруа қожалығының егіс алқабында өткен орақ салу рәсіміне аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев пен аудандағы зиялы қауым өкілдері, ауылдық округ әкімдері мен шаруа қожалықтардың жетекшілері қатысты. 

Егінге орақ салу рәсімі басталмас бұрын Жалғас Оңғарұлы еңбеккерлерді егінге орақ түсуімен құттықтап, атқарылған жұмыстарды атап өтті.

«Бұл – диқандардың еккен бір дәні мың дән болатын, халықтың ризық- несібесін қамбасына құятын жауапты да салтанатты шағы. Биыл аудан бойынша 17 мың 445 гектар ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, оның ішінде күріштің көлемі 
5636 гектарды құрады. Соңғы жылдары орын алған су тапшылығы әсерін аудан дихандары қатты сезініп келеді. Биылғы жылы вегетациялық кезең өте күрделі жағдайда өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес су тапшылығы жағдайында Үкімет резервінен жылжымалы дизельді насос алуға қаржы бөлініп, насостар ауданымызға жеткізіліп, шаруалар игілігіне пайдаланды. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан еліміздің барлық өңірлерінен арнайы қызметкерлер келіп, 2 ай бойы су шаруашылықтардың егін алқаптарында шаруалардың игілігі үшін уақытпен санаспай жұмыс атқарды. Нәтижесінде, қиындықтарға қарамастан егіс көлемін барынша шығынсыз алып қалуға қол жеткіздік. Осы сәтте, Президентімізге, Үкімет басшысына, Ауылшаруашылығы, Төтенше жағдайлар министрліктеріне және аймақ басшысына көрсетілген барлық қолдаулар үшін шынайы ризашылығымызды жеткіземіз. Баршаңыздың еңбектеріңізге сәттілік тілеймін, қамба астыққа толсын, қырмандарыңыз таси берсін!, - деді Жалғас Оңғарұлы. 

Дала төсінде өткен жиында ала жаздай маңдайы күнге, табаны құмға күйген мәртебелі еңбек адамдары марапат төрінен көрінді. Мұнан соң ауыл шаруашылығы саласының ардагері, «Жалаңтөс» ЖШС директоры Қасқырбай Әлімбай ақ батасын беріп, егін орағының лентасы салтанатты түрде қиылды. Мұнан соң «дала кемесі» атанған комбайндар өз жұмыстарын бастап кетті.

Күрішке орақ салу рәсімі мұнан кейін жылдағы дәстүрге сай аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаевтың төрағалығымен «Дала күні» мәжілісіне жалғасты. 

Жиында аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов күріш жинауға дайындық туралы баяндап берсе, егінді суармалы сумен қамтамасыз ету, су ақысы төлемдерінің барысы және су жолдарына жасалатын жөндеу жұмыстарына байланысты «Қазалысушар» өндірістік учаскесі басшысының орынбасары Жанбай Садық айтып берді. 

Мәжілісті қорытындылаған Жалғас Оңғарұлы жаздың шіліңгір ыстығына қарамастан нәтижелі жұмыс жасаған дихандардың еңбегіне тоқталды. Сонымен қатар алдағы міндет ел ризығын шашпай-төкпей, жауын-шашынға ұрындырмай егінді жинап алу керектігін жеткізді. 

Осыған сәйкес егілген егінді ысырапсыз мерзімінде жинап алу үшін аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов және ауыл әкімдері мен шаруашылық басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімі бастығы Асылбай Аңсатовқа егістікке түсіп, қараусыз, бағусыз жүрген малдардың иелеріне айыппұлдар салуды тапсырды.

10 қыркүйек 2025 ж. 136 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930