Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда егінге орақ түсті

Қазалыда егінге орақ түсті

Бүгін Мұхтар Тәжімұратов басқаратын «Ақмаржан» шаруа қожалығының Ү.Түктібаев ауылындағы егін алқаптарында егінге алғашқы орақ түсті.
Алғашқы егінге орақ түспес бұрын аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен «Дала күні» мәжілісі өтті.
Басқосуда ауданның аграрлық саласының бастауы егін жинау жұмыстарының дайындығы мәселесі қаралды.
– «Жаздың бір күні қысқа азық» деген халықтың дана сөзін берік ұстанған аудан дихандары жаздың шіліңгір ыстығына қарамастан, дала қостарында нәтижелі жұмыс жасауда. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы құрылымдарында бидай, арпа жинау толық аяқталды.
Енді, бүгін алғашқы орақ салуға жиналып отырған күріш жағдайына келетін болсақ, биылғы жылы орын алған су тапшылығына қарамастан күріштің шығымы жаман емес. Алдағы міндет ел ризығын шашпай-төкпей, жауын-шашынға ұрындырмай жинап алу.
Өздеріңізге белгілі, соңғы жылдары Сырдария өзеніндегі қалыптасқан су тапшылығына байланысты, вегетациялық кезеңде қиындықтар туындағаны белгілі. Су тапшылығы кезінде су шаруашылығы мекемесінің қызметкерлерінің қабылдаған шешімдерінің арқасында аталған қиындықтардан бірге шықтық, – деді аудан басшысы.
Жиында аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов күріш жинауға дайындық туралы баяндап берсе, «Ақмаржан» шаруа қожалығының жетекшісі Мұхтар Төремұратұлы аталған шаруа қожалықтың егін орағына дайындығын айтып өтті.
Мәжіліс соңында Мұхтар Әуесұлы егілген егінді ысырапсыз мерзімінде жинап алу үшін аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Айдарбекұлы, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов және шаруашылық басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Шудабайұлына егістікке түсіп, қараусыз, бағусыз жүрген малдардың иелеріне айыппұлдар салуды тапсырды.
Мұнан соң аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақов, аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Айдарбекұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Аңсатов, ауыл шаруашылығы саласына қатысты барлық мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен шаруашылық басшылары және еңбек ардагерлерінің қатысуымен алғашқы егінге орақ салу рәсімі басталды.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен ел ағалары алғашқы егін орағының лентасын қиса, Қазалы ауданының құрметті азаматы, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Берік Бисембаев бата берді.
Осылайша биылғы егістікке сақадай сай әзірлікпен бел буып, білек түре кіріскен ақмаржандықтар дала төсін еңбек дүбіріне бөледі.
Айта кетейік, ағымдағы жылы аудан бойынша 6450 гектар жерге күріш дақылы егілсе осы көлемнің 8 пайызға жуығы, яғни 475 гектар «Ақмаржан» шаруа қожалығының үлесінде.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
12 қыркүйек 2023 ж. 164 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 85

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 134

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 90

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031