Жолдау ел дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді
Қыркүйектің 1-інде Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа дәстүрлі түрде Жолдауын ұсынды. Жаңа Жолдауда мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларындағы міндеттер мен басымдықтар нақты қамтылған.
Елімізді саяси- экономикалық және әлеуметтік тұрғыда реформалауды тереңдетуге бағытталған ауқымды жоспарын ұсынғаy Мемлекет басшысы бірқатар маңызды бастамалар көтерді. Бұл жолдау ел дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді.
Жолдауда айтылған отандық өнімді қолдау, ауыл шаруашылығын өркендету, өңдеу өнеркәсібін жетілдіру туралы ұсыныстар елдің дамуы үшін аса маңызды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасын ілгерілетуде ауыл-аймақты дамытуға ден қойып отыр. Бұл бағытта да Үкіметке «Ауыл аманаты» жобасын ары қарай да жандандыру туралы нақты тапсырмалар жүктеді.
Халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Су дегеніміз – үнемдеп пайдаланбаса, тез таусылатын шектеулі ресурс. Онсыз шаруалардың күні қараң. Жолдауда Мемлекет басшысы бұл мәселеге де баса назар аударып, 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу және 3500 шақырымдық каналды жаңғыртып, цифрлық тәсілмен бақылауға алу керектігін жеткізді.
Жолдауда айтылған әрбір тапсырма уақыт жоғалтпай істелуге тиіс. «Берекелі бірлігімізді сақтап, табанды еңбек етсек, Отанымызды көркейтіп, ұрпаққа дамыған мемлекет ретінде табыстасақ, бабалар аманатына адалдық – осы» деген Президент Жолдауын толық қолдаймын.
Әділбек САРАБЕКОВ,
аудандық мәслихат депутаты,
аудандық мәслихаттағы «AMANAT»
партиясы депутаттық фракциясының мүшесі