Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Kaspi, Forte, Jusan»: Елімізде банк қызметкерлері адамдарды ұрлап, оларға несие рәсімдеген

«Kaspi, Forte, Jusan»: Елімізде банк қызметкерлері адамдарды ұрлап, оларға несие рәсімдеген

Фото: Жасанды интеллект
Ақмола облысының прокуратурасы әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарды ұрлап, олардың атына ірі көлемде банктік несие рәсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты істі аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
ҰҚТ құрамына еліміздің түрлі өңірлерінен 25 адам кірген. Олардың арасында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің орталық аппаратының қызметкері мен бірқатар банктің («Kaspi Bank», «ForteBank», «Еуразиялық банк», «Jusan Bank») қызметкерлері бар. Топ мүшелері 5 жылдан астам уақыт бойы алаяқтықпен айналысқан.
Жалпы 348 азамат қылмыстың құрбаны болды. Келтірілген шығын көлемі – 3,7 млрд теңге. Тергеу барысында Алматы қаласындағы пәтерлер, жер телімдері, қымбат көліктер мен қолма-қол ақшалар тәркіленді. Олардың жалпы құны 2,7 млрд теңгеге бағаланды.
Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстық іс процесс қатысушыларына танысуға берілді. Қорытынды шешімді сот қабылдайды.
Прокуратура азаматтарды алаяқтарға сенбеуге шақырды.


02 қыркүйек 2025 ж. 324 0

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 55

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930